» » » Жадыраның жұлдыздары жарады

Жадыраның жұлдыздары жарады


Би – ертеден қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан құтты өнердің бірі. Қазақ би өнерінің падишасы атанған Шара апамыздың жолы бүгінде жаңғыра түсіп, кішкентай ізбасарлары көбейген. Осы қасиетті өнерді ұлықтаған талай жас киелі сахнаның көркін келтіріп, байқаулардан бағы жанып жүр. Жексенбі күні аудандық оқушылар үйінің «Хореография» үйірмесінің оқушыларынан құралған «Жадыра» би тобы халықаралық бишілер байқауында жүлделі оралды.
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған «Dance Battle» халықаралық бишілер байқауы Түркістан қаласында өткізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен бақ сынауға 82 топ жиналды. Би бәсекесі өте тартысты өтті. Жас ерекшелігіне байланысты өнерпаздарымыздың үлкен тобы «Қазақ биімен» жүлделі І орынды иеленсе, «Орыс биі» бойынша SUPER VIP GRAND PRIZE номинациясын жеңіп, Дубайға жолдама алды. Ал 6-7 жас аралығындағы өнерпаздар «Хулиганки”» биімен SUPER VIP GRAND PRIZE номинациясын және 50 мың теңге ақшалай ұтысқа ие болды. Осы өнерпаздарды би әлеміне баулып, жеңімпаз етіп шығарған аудандық оқушылар үйінің хореграфы Жадыра Алпысбайқызы «Үздік жетекші» номинациясын иеленіп, Корей еліне тегін жолдама жеңіп алды.
 Осылай қоржынды қуанышқа толтырған жетекші мен жеңімпаз өрендер, ата-аналар туған жерге оралды. Шәкірті қуанса, ұстазы одан бетер шаттанады емес пе?! Қанжығаларына жеңіс жүлдесін байлаған топ жетекшісін сөзге тартқан едік.
– Бұл жолғы жеңісімізге қуаныштымыз. Дайындығымыздың жоғары болғаны қазыларға бірден байқалған сияқты. Мол тәжірибе жинап қайт­тық. Шәкірттерімнің қуанышында шек жоқ. Олардың болашағынан үлкен үміт күтемін. Бұл байқауға 2 топпен үш би ұсындық. Үлкен топ қазақ, орыс билерін сахналаса, 5-7 жастағы кішкентай бишілер «Хулиганки» биімен көрерменін қуантты. Мұндай байқауларда бидің қойылымы қанша мықты болғанымен, киімдеріміз оған сай келмесе, еңбек ақталмауы да мүмкін. Сол үшін де хореограф ретінде би мен оның киім үлгісінің үйлесімділігіне терең мән беремін. Барлығы жоғары талғаммен таңдалып, бишілердің қозғалысына ыңғайлы болуы да ескерілді. Нәтижесінде биіміз де, киіміміз де көрермендерімізге ұнаған секілді. Қазылар алқасының жоғары бағасын алғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл жас бишілерімізді одан сайын би өнеріне шабыттандырады деп сенемін. Сонымен қатар ауызбіршілікте болып, маған қолдау білдірген барша ата-анаға алғыс білдіремін, – дейді хореграф Жадыра Өміртайқызы.

Перзентінің шығармашылығын шыңдау мақсатында үйірмеге қатыстырған ата-ана бұл жеңіс үшін дән риза. Әрбірінің жетекшіге жеткізер жылы лебізі бар. Осындай ата-ананың бірі Ақмарал Өксікбаева «Халықаралық би жарысына барып, баламды қатыстыру –мен үшін үлкен қуаныш. Өйткені әрбір ата-ана өз баласы үшін қолынан келгенін жасайды. Сайыс жоғары деңгейде өтті. Еліміздің әр өңірінен келген өнерпаздар бірінен-бірі өтеді. Ал біздің өнерпаздар – тіпті ерекше. Әдемі би қойылымы, көздің жауын алатын киім көпшіліктің көзіне оттай басылды. Бала күнінен биге құмар ұлым Расулдың 26 қыздың ортасында жалғыз билегенін мақтан тұтамын. Бірнеше ай бойы дайындап, әр балаға уақыт бөліп, ыждағаттылықпен жұмыс жасаған жетекшімізге шексіз алғыс білдіремін» деген пікірін білдірсе, Ақерке Амангелді «Қызым былтырғы оқу жылынан бері оқушылар үйінің «Хореография» үйірмесіне қатысып келеді. Екі рет Қызылорда қаласында өткізілген халықаралық бишілер байқауына қатысып,  жүлделі І орынмен марапатталды. Бұл ерен еңбек ұстаз еңбегі деп білемін. Бұл жолы да балапандарымыз ең жоғары марапатты иеленді. Жүлдесіз оралмайтын Жадыра апайымыздың абыройы арта берсін. Шығармашылық шабыт, отбасына амандық тілеймін» деп ата-аналар атынан ақ тілегін ақтарды. Балапаны бәйгеге түскен әр ата-аналық жүрегінде ұстазға деген осындай жүрекжарды лебіз бар екені анық.
Аудан абыройын асқақтатып, байқаудан олжалы келген өнер­паздарды жақындары күтіп алды. Келешекте мың бұралған бишілер бұдан да биік шыңдарды бағындыруды көздеп отыр.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
19 қараша 2024 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 099

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031