» » Дубайға жолдама жеңіп алды

Дубайға жолдама жеңіп алды



Би өнері – ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Осы ретте, ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан төл өнеріміздің қадір-қасиетін, тәлім-тәрбиелік мәнін тиісті деңгейде жалғастыру мақсатында ауданда би үйірмелері жұмыс істейді. Жұмыстың жүйелілігінен болар олар өздері бақ сынаған байқаудан бос қайтқан емес. Жуырда аудан бишілері тағы бір биікті бағындырып, жүлделі оралды.
   Өткен жексенбіде Қызылорда қаласында халықаралық «Dance battle» бишілер байқауы өтті. Мықтыларды айқындайтын бұл сында 38 топ өз өнерін көрсетті. Онда аудандық оқушылар үйінен екі топ қатысып, жеңіс төрінен көрінді.
   Конкурста аудан бишілері 3 би ұсынды. 5-7 жас аралығындағы оқушылар өзбек биін билесе, 8-10 жас аралығындағы оқушылар орыс және өзбек биін көрермен назарына ұсынды. Екі топтың да өзбек биі І орынды жеңіп алса, орыс биімен Гран при иеленіп, Дубайға жолдама ұтып алды. Енді аудан өнерпаздары Дубай сахнасында өнер көрсетпек.
– Жалпы оқушыларым би десе ішкен асын жерге қояды. Соның әсерінен болар Гран при алған тобыма Дубай төрінде өнер көрсету бұйырыпты. Енді намысты қолдан бермей, аудан, облыс, ел абыройы үшін бар күш-жігерімізді салып, дайындыққа кірісеміз. Осы ретте биші қыздарым мен олардың ата-аналарына алғысым шексіз. Би деген сырттай оңай көрінгенімен, оны құрастыру және оны жіптіктей етіп сахнаға алып шығу үлкен еңбекті талап етеді. Жүйелі дайындықпен ғана келетін нәтижелі іс. Осы орайда бұл жеңіс оқушыларымның уақытылы үйірмеге қатысуымен, олардың әрбір қажеттілігін қуана орындайтын ата-аналармен бірлескен жұмыстың нәтижесі әрі жемісі дер едім, – дейді аудандық оқушылар үйіндегі хореография үйірмесінің жетекшісі Жадыра Алпысбаева.
  Расында да әрбір жеңістің артында жүйелі жұмыс пен бірлескен іс бар. Онсыз жеңістің ауылы алыс екені бәрімізге айқын. Би белесін бағындырған бишілерімізге Дубай төрінен сүйінші сұрайтын күн бұйырсын дейміз.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
24 тамыз 2024 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031