» » Үйірме жұмысы қорытындыланды

Үйірме жұмысы қорытындыланды


Сенбіде аудандық оқушылар үйінде «Үйрендім білім нұрын үйірмеден» тақырыбында жылдық қорытынды кеш өтті. Оған аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова, аудандық оқушылар үйінің директоры Индира Әбдібекова және ата-аналар қатысты.
Кештің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қосымша білім беру ұйымдарының рөлін арттыру. Балалардың қажеттілігіне сәйкес бос уақытында қоғамдық маңызы мен тәрбиелік мәні бар шығармашылық жұмысты ұйымдастыру. Тәрбие негізі – ұлттық құндылықтар арқылы жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу.
Алдымен «Асыл мұра» бірлестігінің ұйымдастыруымен оқушылар ән айтып, би билеп көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мұнан соң оқушылар үйінің оқу кабинеттерінде түрлі жобалар аясында шығармашылық жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда, «Happy dance» жобасы аясында «Хореография» үйірмесінің мүшелері ленталы биін орындады. Одан кейін «Ұлы дала мұрасы» жобасы аясында «Бейнелеу өнері» үйірмесінде «Қылқалам бейнелеген қазақылық» тақырыбында сурет байқауы, «Көркемөнер» үйірмесінде «Қазақ тұрмысындағы дәстүрлі ши тоқудан ұлттық ою-өрнек элементтерін дамытып, жаңғырту» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. «Жасыл аймақ» жобасы аясында «Фитодизайн» үйірмесінде түрлі бөлме өсімдіктерінен флорариум жасаса, «Зерде» үйірмесінің мүшелері табиғаттағы қалдық заттардан көрме көрсетті. Ал «Биоәлем» үйірмесінің мүшелері өсімдік және гүлдерден панно жасады. «Театр» жобасы аясында «Тілашар» үйірмесінің мүшелері «Мақта қыз бен мысық» ертегісін, «Атамекен» үйірмесінің мүшелері «Шалқан» ертегісінің желісі бойынша қуыршақ қойылымын көрсетті. «Bookcrossing» жобасы аясында «Ағылшын тілі» үйірмесінде полиглот сайысы, «Орыс тілі» үйірмесінде «Люблю читать» сайысы өтті. Сондай-ақ «Qumyra» жобасы аясында «Алтын глобус» үйірмесі «Қыштан жасалған құмыралар құпиясы» тақырыбында Сортөбе қалашығынан табылған құмыра сынықтарынан көрме ұйымдастырса, «ART дизайн» үйірмесінің мүшелері гипстен құмыра сынды бұйымдар жасады. №250 мектеп-лицейі жанындағы спорт алаңында «Sport fresh» жобасы аясында «Тоғызқұмалақ», «Дойбы», «Шахмат» үйірмелері арасында «Көңілді старт» спорттық ойыны өтті.
Іс-шараға қатысқан қонақтар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, Оқушылар үйінің ұжымына шығармашылық табыстар тіледі. Өнер көрсеткен оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.
«Қт» ақпарат
03 маусым 2023 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031