» » Қармақшыда қосымша білім беру педагогтарының семинар-практикум өтті

Қармақшыда қосымша білім беру педагогтарының семинар-практикум өтті

qarmaqshy-tany.kz "Қосымша білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін" қосымша білім беру педагогтар семинар-практикумы өтті.

12 сәуір 2023 жылы Қармақшы ауданының оқушылар үйінде «Қосымша білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында облыстық семинар-практикум болып өтті.

Мақсаты: Қосымша білім беруде жаңа технологияларды іске асыру, білім жобалары аясында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, педагогтердің шығармашылық, зерттеушілік қызметін арттыру.

Аталған шараға Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) мамандары, қалалық, аудандық Оқушылар Үйлерінің үйірме жетекшілері қатысты.

Семинар – практикумның алғашқы құттықтау сөзі Қызылорда облыстық білім басқармасы Қызылорда облыстық оқу орталығының «Қосымша білім және тәрбие» бөлімінің меңгерушісі Ақмырзаева Гүлайым Ермекбайқызына берілді. Құрметті қонақтар оқушылардың орындауындағы сәлемдесуді тамашалап, алаңдағы «Бес тас», «Асық ату», «Ләңгі» ұлттық ойындарынан көрініс көріп, «Қазақ» биімен мың бұралған бишілердің өнеріне тәнті болды. Қармақшы ауданының оқушылар үйінің ғимаратына еніп, тыныс- тіршілігімен танысты. Түрлі бағыттағы үйірмелердің жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты. Атап айтқанда, «Руханият» үйірмесінің жетекшісі Кулбаракова Коркем Нурболовна «Ұлы дала мұрасы» жобасы аясында ерекше білімді қажет ететін балалармен «Ұлы дала ұрпақтарының ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда асық терапиясын пайдалану» тақырыбында сабақ көрсетті. «Prime time» үйірмесінің жетекшісі Тныштыбаева Аружан «Prime time»жобасы аясында жылдам бейнемонтаж жасаудың қыр – сырларын үйретті.


«Қазақ тілі» үйірмесінің жетекшісі Жаудатова Перизат Садақбайқызының «Bookcrossing» жобасы аясында оқушылар арасында ұйымдастырған «BOOKTIME -2023» сайысы қызықты да тартысты өтті. «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Малаев Нұрлыбек Серікбайұлы «Robofest» жобасы аясында робототехника үйірмесіндегі инженерлік жобалармен таныстырды. «Құм анимациясы» үйірмесінің жетекшісі Ускеленов Самат Мусагалиевич «QUMYRA» жобасы аясында «Ағаштан бұйым жасаудың жолдары» тақырыбында шеберлік сағатын көрсетті. «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі Сматова Мархабат Қанибекқызы «Жасыл аймақ» жобасы аясында «Тұрақтандырылған, боялған мүктерден панно жасау» шеберлік сағатын көрсетіп, қатысушы ұстаздармен тәжірибе алмасты. «Жылдам оқу» үйірмесінің жетекшісі Байдабаева Гаухар Жақаншақызы мен үйірме оқушылары «Театр» жобасы аясында «Бауырсақ» ертегісінің қойылымын қойды. Семинар-практикум ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуымен жалғасын тауып, керемет әсерлерімен бөлісті.

Шара соңында Аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы келген қонақтарға алғысын білдіріп, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі. Семинарға қатысушы ұстаздарға Ақмырзаева Гүлайым Ермекбайқызы Қызылорда облыстық оқу орталығының сертификатын табыстады.

13 сәуір 2023 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031