» » Әлемді мейіріммен тербеген

Әлемді мейіріммен тербеген

qarmaqshy-tany.kz ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АУДАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЙІНДЕГІ «ХОРЕОГРАФИЯ» ҮЙІРМЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ӘЛЕМДІ МЕЙІРІММЕН ТЕРБЕГЕН АРУЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ.

Онда үйірме үздіктері «Ана» әнін тамылжыта орындаса, «Жадыра» би тобының бишілері кереметтей бимен көрерменін таң-тамаша етті. Оқушылар ана тақырыбындағы өлеңдерін нақышына келтіріп жырға қосты.
Ата-аналармен бірге қызықты ойындар ойнатылды. Жас өнерпаздар «Қазақ» биін мың бұрала билесе, Ақниет Серік пен Айару Серік «Әже» әнін тарту етті. Кеш қонақтары «Ана, мен сізді жақсы көремін» тақырыбындағы бейнероликті тамашалады. Ата-аналар ауданның оқушылар үйі ұжымына сапалы білім, өнер мен тәрбие беріп жатқан еңбектері үшін алғыстарын білдіріп, мерекемен құттықтады.
Әсерлі кешті мекеме директоры Индира Әбдібекова қорытындылады. Аналар мерекесімен құттықтап, көрермен жүрегіне жол тапқан оқушыларға алғысын білдірді.
Марал АЙМАХАНОВА,
бұқаралық-ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі
11 наурыз 2023 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 318
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 188

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031