» » Ғажайыпқа толы Жаңа Жыл!

Ғажайыпқа толы Жаңа Жыл!

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей интернат тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен "Ғажайыпқа толы Жаңа Жыл!" тақырыбында жаңа жылдық мерекелік кеш өткізілді. Іс - шараның мақсаты: Жаңа жыл мерекесін атап өту, оқушыларға көркем-эстетикалық тәрбие беру, сахна мәдениетін үйрету, адамгершілік құндылықтарға, ізгілікке тәрбиелеу. Мерекелік кештің алғашқы құттықтау сөзі мектеп-лицей директоры Мұнарбаева Гүлжахан апай сөз сөйлеп, ұстаздарды, тәрбиешілерді, оқушыларға мерекелік лебізін білдірді. Іс-шарада интернат оқушылары Жаңа Жыл әнін Саукеева Ұлдана, Ұлбала, Саяшбекова Айтолқын орындады, Үнді биімен Бижанова Жібек биледі, Аяз Атамызбен Ақшақарға тақпақтарын айтып, оқушылар "Жастар биін" билеп, жаңа жылдық ойындар ойнатылды. Мерекелік кешті мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серғали Бертлеуов қорытындылады.
28 желтоқсан 2022 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930