» » Жаңа жылдық мерекелік кеш

Жаңа жылдық мерекелік кеш

Қармақшы ауданы, «Ақ тілек» мейрамханасында аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жаңа жылдық мерекелік кеші өткізілді. Мерекелік кешті аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы ашып, ұстаздарды мерекесімен құттықтап, жыл қорытындысы бойынша нәтижелі жұмыс атқарған 15 ұстазды аудан әкімінің алғысымен марапаттаса, аудандық білім бөлімінің басшысы Омаров Жарқын Тұрмаханұлы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жыл қорытындысы бойынша «Шәкіртін шебер шыңдаған ұжым» номинациясымен №250 мектеп-лицей ұжымын, «Киелі өнер ордасы» номинациясымен Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектеп ұжымын, «Бала жанының бағбаны» номинациясымен №23 «Балдырған» балабақша ұжымын және «Білімді ұрпақ – білікті ұстаздан» номинациясымен №99 орта мектептің мұғалімі Садыкова Лаура Сайлаубаевнаны, «Сыныбымен танылған ұстаз» №105 мектеп-лицейінің мұғалімі Жарбасова Құндызай Данабайқызын, «Рухты спорт маманы» номинациясымен №275 орта мектептің мұғалімі Жарыкбаев Акжарбай Кенесбековичті марапаттады. Құрметті ұстаздар марапаттарыңыз құтты болсын!!!


Жаңа жылдық мерекелік кешті аудандық кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған «Жас қанат» жастар кеңісінің белсенді мүшелері ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ұйымдастырып, ұстаздарға жақсы көңіл-күй сыйлады. 
29 желтоқсан 2018 ж. 2 063 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728