» » АУДАНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

АУДАНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Жосалы кентінде 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай және Желтоқсан құрбандарын еске аулға арналған шағын футболдан турнир өткізілді.

Жарыстың қорытындысында сөз алған аудан әкімінің аппаратының басшысы Шерниязов Берік Бектайұлы турнирді өтуіне ұйымдастырушылық еткен желтоқсан оқиғасына қатысушы Ерлан Бисембаевты Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы сөз сөйлеп, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттаудағы шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі жарыста 11 команда мен 110 спортшы қатысты.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін атап айтар болсақ 1-орынды Байқоңыр қаласындағы №274 мектеп командасы, 2-орынды Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің командасы, 3-орынды №26 орта мектеп командасы жеңіп алса, «Үздік ойыншы» номинациясымен - №30 мектептің оқушысы Жанайдар Әсет, «Үздік қақпашы» номинациясымен - №26 мектептің оқушысы Тұрмахан Бақытжан, «Үздік шабуылшы» номинациясымен - №109 мектеп оқушысы Елемес Дархан, «Үздік қорғаушы» номинациясымен - №250 мектеп-лицей оқушысы Пірәлі Ғалымжан, «Үздік жас ойыншы» номинациясымен - №250 мектеп-лицей оқушысы Сәдуәқасов Олжас, «Үздік сұрмерген» номинациясымен - №274 мектеп оқушысы Байшылықов Айдос иеленді.

Жарыстың жүлдегерлеріне аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдары демеушілердің кубогтары мен медальдары табысталды.


03 желтоқсан 2018 ж. 1 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930