» » АЗАМАТ ЕСІМІ АРДАҚТАЛДЫ

АЗАМАТ ЕСІМІ АРДАҚТАЛДЫ

4-5-мамырда  Жосалы кенті, Сүлеймен Есқараев атындағы №27 орта мектептің спорт алаңында  шағын футболдан спорт жанашыры Аманкелді Бектібаевты еске алуға арналған облыстық жарыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов, А.Бектібаевтың ағасы Тиыштыбай Кеулімжаевтар сөз сөйлеп, спортшыларға жылы лебіздерін білдірді, марқұм А.Бектібаевтың өнегелі өмір жолы жайлы естелік айтты.
Жарыс барысында Қызылорда, Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданынан қатысқан 23 команда 5 топқа бөлініп, жарыстың келесі кезеңіне өту үшін өзара ойын ойнады.
Екі күнге созылған жарыста топтық ойындарда үздік атанғандар жарыстың ширек финалында кездесіп, одан дараланып шыққан екі құрама жартылай финалда өзара кездесу өткізді. Нәтижесінде ІІІ орын үшін  А.Бектібаевтар отбасынан құрылған «Рамазан» командасы мен байқоңырлық «Прогресс» командасы арасындағы тартысты ойын 5:3 есебімен аяқталып, «Рамазан» командасы жарыстың жүлделі ІІІ орнына көтерілсе,  Қызылорда қаласынан келген «Интер» мен Байқоңыр қаласынан құрылған «Жәрімбет ата-1» құрама командалары арасындағы І орын үшін өткен тартысты кездесуде қызылордалықтар қарсыластарын 4:2 есебімен басымдықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, олар арнайы кубокке ие болды.
Жарыс соңында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев жеңімпаз команда мен жүлдегерлерді құттықтап, дипломдар мен медальдар тапсырса, биыл мектеп бітіргендеріне 40 жыл толған мектеп түлектері, яғни Аманкелді Бектібаевтың сыныптастары мен жолдастары тағайындаған  жүлдені, атап айтқанда «Жәрімбет-1» командасының ойыншысы Азамат Бақытжанов «Үздік қорғаушы», «Әбдікешов» командасының ойыншысы Нұржан Дастанов  «Үздік шабуылшы», «Рамазан» командасының ойыншысы Дархан Аяпов «Үздік қақпашы», сонымен бірге «Интер» командасының ойыншысы Ерке Батпанов «Үздік ойыншы» және  «Прогресс» командасының ойыншысы Еркебұлан Байділдаев «Ең көп гол соққан» номинациясымен марапатталды.
                                                                                                                    Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
07 мамыр 2018 ж. 1 460 1

JeaCold от 19 ақпан 2019 23:52
Viagra E Cialis Differenze Preisvergleich Cialis 20 Mg 12 Clomid Ne Marche Pas effets indesirables levitra Acheter Du Cytotec Viagra E Arginina Dosificacion Kamagra

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930