» » МЕШІТ ИМАМДАРЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ҮНДЕЙДІ

МЕШІТ ИМАМДАРЫ ДЕНСАУЛЫҚҚА ҮНДЕЙДІ

Жақында Қармақшы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің және аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға, отансүйгіштікке баулу және бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыру мақсатында «Қармақшы ата» және «Ораз ахун» мешіттері жамағаттарынан құралған командалар арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Жарысқа алты команда қатысып, олар екі топ бойынша өзара ойындар өткізді. Нәтижесінде екі топтан дараланып шыққан 4 команда алдымен жартылай финалды, ал сол төрт команда арасынан үздік деп танылған екі құрама ақтық ойында жолығып, жарыс қорытындысымен І орынды «Дінмұхамед және К» командасы жеңіп алса, ІІ орынды «Бірлік» командасы, ал жүлделі ІІІ орынды «Хикмет» командасы иемденді.
Жарыс соңында жүлдегер командалар аудандық «Қармақшы ата» мешітінің тағайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
26 сәуір 2018 ж. 1 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 102
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 308

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031