» » » Би әлеміндегі білікті маман

Би әлеміндегі білікті маман

qarmaqshy-tany.kz Мектепті жаңа аттаған көптеген оқушыдан «Болашақта кім болғың келеді?» деп сұрасаңыз, ойындағы мамандық туралы білгенін жайып салатыны бар. Осындай бала шақтағы арманы орындалып, болашаққа нық сеніммен қараған жас маман – Назерке Төлебаева бүгінде Төретам кенттік клуб үйінде хореограф болып қызмет етуде.
Назерке егемен елдің тумасы. Сондықтан да болар оның бойында еліне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі мол. Балалық арманы алдамаған ару бүгінде білікті ұстазға, шебер маманға айналып келеді. Жас та болса өзінің еңбекқорлығымен, жұмысына деген адалдығымен алғы шептен көрініп жүрген ол осы уақытқа дейін өзі де, шәкірттерімен де бірнеше белесті бағындырып, марапат төрінен көрінген.
– Жалпы өзім кішкене күнімнен биге құмар болдым. Мектеп жасынан үйірмелерге қатысып, байқауларда бақ сынадым. Алайда мамандық таңдауға келгенде отбасым медицина саласын таңдағанымды құп көрді. Менің ішкі қалауыма әкем алғашында қарсы болғанмен, кейіннен қолдаушыма айналды. 9 сыныпты бітірген соң Қазанғап атындағы музыкалық колледжге оқуға түстім. Сондағы әкемнің қуанғанын көрсеңіз... Колледждегі студенттік шағым карантин уақытымен тұспа-тұс келіп, онлайн оқуға мәжбүр болдық. Сахнаны, биге дайындалатын алаңымызды сағындық. Диплом алуға таянғанда пандемия аяқталып, оқуымызға оралдық. Бұл кезең бізге қиындық туғызғанымен, лайықты білімді білікті ұстаздардың арқасында бейнебайланыс арқылы игеріп шықтық. Жас маман болып осы клуб үйіне жұмысқа қабылдандым. Ұжымым ұйымшыл. Әрқашан қолдауға дайын. Әрбір қызметкерден үйренерім мол, – дейді жас маман.

Назеркенің әрбір сөзінен мамандығын қаншалықты сүйетінін айқын аңғаруға бо лады. Мамандығына деген махаббаты жарқыраған көзінен көрініп-ақ тұр. Сон дықтан да болар, ұстаз би өнері туралы тоқтаусыз айтуға бар. Ашық-жарқын қалпымен өзіне баулыған маман би туралы біз білмейтін мәліметтермен де бөлісті.
– Би өнері – бабадан балаға мұра болып келе жатқан, бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін ұлттық сахна өнері. Маған негізінен халықтық билер ұнайды. Халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасып, оның аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасқан асыл мұра. Ұлттың ұлылығын ұлықтайтын құндылығы, баға жетпес байлығы. Халықтардың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі бекзат өнер болмысында барша адамзаттың жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Мәселен, қазақ халқы да ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Түсіне білген адамға би – өмірдің өзі. Ол музыкаға үйлестірілген жай дене қимылы ғана емес, би арқылы ойыңды, көңіл-күйіңді, сезіміңді, белгілі бір көріністі жеткізуге болады. Меніңше, әрбір адам өз кәсібін, мамандығын сүюі тиіс. Мен өзім таңдаған ма мандықпен, тәрбиелеген шәкірттеріммен мақ тана аламын. Алға қойған жоспарым нық, мақсатым айқын, – дейді жас хореограф.
Расында да біз биді бишілердің әдемі қимылына ғана қарап баға береміз. Ал әр қимылдың өзі жеке бір мағына беретінін, оның әрқайсысының қолданылу мақсатының бөлек екенін, топпен билегендегі үйлесімдікті ұйқастыра білуді қаперге де алмайды екенбіз. Оның бәрі үлкен еңбекпен, көп дайындықпен, тәжірибемен көрермен назарына ұсыны латынын жас маманмен әңгімелескенде көңілге түйдік.
Назерке Алмасбекқызының клуб үйінде қызмет еткеніне біршама ғана уақыт болғанымен, би саласын еркін игерген. Түрлі дипломдар мен мадақтама қағаздарына көз жүгіртсек, оның біліктілігін нақтылай түскендей. Нақтырақ тоқталсақ, былтыр аудандық «Үздік үйірме жетекшісі» атанса, биыл ауданның 95 жылдығына орай өткізілген «Жастар жалыны» атты мәдениет саласы жастарының арасындағы байқаудан ІІ орын, облыстық «Үйренейік, ізденейік, жас маман» атты облыстық байқаудан ІІ орын иеленген. Ал ұстаз жетекшілік ететін «Ай-Назым» би тобы аудандық, облыстық, республикалық өнер додаларында топ жарып жүр.
Төретамдағы клуб үйі де ұжымның Назерке секілді жалынды жаспен толыққанына өте қуанышты. Осындай тәрбиесі жоғары, сапалы білімі бар маман әрқашан елдің мерейі. Болашақта осындай ел абыройын асқақтататын, жас ұрпақты әсем өнерге баулитын ұстаздардың қатары көп болса, ел келешегі кемелдене түспек.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
14 қазан 2023 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031