» » Антына адал маман

Антына адал маман

Дана қазақ «Еңбексүйгіш елдің еңсесі биік» деп тәмсілдеген. Бұл тұрғыда біліктілік пен шыдамдылықты қатар талап ететін жауапты мамандық иелерінің бәсі биік. Соның ішінде медицина саласының арқалар жүгі ауыр. Оның өзге мамандықтан ерекшелігі сол, жұмыс барысында еш қателесуге болмайды. Сондықтан олар ұдайы тәжірибелік білімін жетілдіріп отырады. Кейіпкеріміз Гүлзинат Теңелбаева адал еңбегімен абырой тұғырына көтеріліп, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті маман. Қазіргі таңда көпбейінді Байқоңыр қалалық ауруханасына қарасты емханада аймақтық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.
Мамандығына бар ықыласымн берілген кейіпкеріміз сонау мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ қызығы мен шыжығы мол медицина саласының қиындығын еш қымсынбай жүрек қалауымен таңдапты. Анасы секілді ақ халатты абзал жан болсам деген арманының жетегіне еріп, 2011 жылы Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне «Жалпы медицина» факультеті бойынша оқуға түседі. Мұнан соң мамандығын одан әрі шыңдау мақсатында «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығын интернатурада жалғастырады.
– Кез келген жанның көкірегінде туған жерге қызмет етсем, көркейтсем деген асыл арманы тұрары сөзсіз. Мені де сол арман- мақсат өз ауылыма жетелегендей. Алғашқы еңбек жолымды Төретам ауылдық емханасында жалпы тәжірибелік дәрігер болып бастадым. Енді көптің көкейінде бұл қандай мамандық деген сауал туындауы мүмкін. Алғашқы көмек көрсетуде арнайы көпсалалы дайындықтан өткен маман. Ол ересектерді және балаларды жасына, жынысына қарамай саламатты өмір салтын қалыптастыруға жұмыс жасайды. Бір сөзбен айтқанда өз науқастары үшін психологтың да, медициналық жедел жәрдемнің де, педиатрдың да қызметін атқарады. Осындайда дәрігерлер еңбегінің ерекше екенін, олардың көбіне уақытпен санаспай жұмыс істейтінін айтқым келеді. Өзім де осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін, – дейді ол.
Гүлзинат Болатбекқызының медицина саласында қызмет істеп жүргеніне көп болмаса да аты айтып тұрғандай тәжірибелі де білікті маман. Кешегі пандемия кезінде табанынан тік тұрып, науқастың қас-қабағына қарап қызмет көрсеткені үшін халықтың алғаусыз алғысына бөленген. Жемісті еңбегінің арқасында көпбейінді Байқоңыр қалалық ауруханасына қарасты емханада аймақтық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі қызметіне дейін көтерілген. Бүгінде ол бұл жетістігін анамның маған үйреткен, берген жақсы тәрбиесінің арқасы дейді ол мақтан тұтып.
Ерсін ӘЛІБАЙ
22 маусым 2022 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031