» » Ең үлкен марапат халықтың алғысы

Ең үлкен марапат халықтың алғысы

Халық даналығында «Еңбексүйгіш елдің еңсесі биік» деген алтын сөз бар. Бұл тұрғыда келгенде біліктілік пен шыдамдылықты қатар талап ететін жауапты мамандық иелерінің бәсі жоғары. Әсіресе медицина жүгі ауыр. Атаулы мамандық ерекшелігі сол, дәрігердің жұмысы барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сол себепті олар ұдайы білімін жетілдіріп, ізденісте болады. Біз айтқалы отырған кейіпкеріміз Жасұлан Жұбандықов та адал еңбегімен абырой биігінен көрініп, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын ақ халатты абзал жан.
Мамандығына жандүниесімен беріл­ген білікті дәрігер үшін «ақ халатты абзал жан» деген ат қасиетті ұғым болып саналған. Сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа таба білген жан еңбек жолын халық денсаулығы мен саламатты өмір салтын қалыптастыруға арнаған.
Ол 2007 жылы Асфендияров атын­дағы Қазақ Ұлттық медициналық университетіне түседі. Оқу оқып жүріп алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы №6 электр торабындағы жедел жәрдем бөлімінен бастайды. Одан кейін наркологияға ауысып, аға, орта буын медицина қызметкеріне дейін көтеріледі. 2014 жылы оқуды бітіріп, туған жері Ақжар ауылында амбулаторияға дәрігер болып қызметке орналасады. Ол осы салаға бет бұруда әкем Хамидулла мен мектептегі сынып жетекшім Жұлдызай Жарылқасынова апайым себеп болды дейді. Одан кейін кез келген міндетті шешуге ұмтылған ақыл, жоғары кәсіпқойлық пен ізденіс – оның басты қасиетіне айналса керек.
– Денсаулық – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Біз осы мақсатта еңбек етіп, халыққа қызмет істеп келеміз. Ең бастысы, халықтың алғысынан артық үлкен марапат жоқ, – дейді білікті дәрігер.
Жасұлан Хамидуллаұлы төтенше жағдай кезінде табанынан тік тұрып, алдыңғы шепте індетпен күрескен ақ халаттының бірі. Күні-түні үй көрмей, блок-бекеттерде үздіксіз қызмет көрсеткен. Өз денсаулығынан бұрын өзгенің саулығын тілеп, ұйқы көрмеген.
Антына адал жан бүгінде құдай қосқан жары Айдана Серкебаевамен төрт бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Балалары болашақта әкелері секілді дәрігер болсақ деп армандайды.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ

21 маусым 2021 ж. 854 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031