» » Антына адал Ақбота

Антына адал Ақбота

Ел тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осы жылдар ішінде тыныштық, татулық, халықтар достығы, тұрақты даму, әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктер мен жарқын жеңістер көрініс тапты. Мұндай нәтижеге қол жеткізуімізге, әрине, ел азаматтарының қосқан үлесі зор. Осы орайда, Тәуелсіздікпен құрдас жастардың елеулі еңбегін айта кеткен жөн.
Алдыңғы буыннан "бір үйге бір дәргер керек" дегенді жиі естіп жатамыз. Бас ауырып, балтыр сыздай қалса ақ халатты абзал жанның көмегіне жүгінетініміз анық қой. Сол сбеепті де бір шаңырақта дәрігердің болғаны жақсы-ақ.
Ақбота Жакенова – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің түлегі. Алғашқы еңбек жолын 2015 жылы Ақтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториядан жалпы тәжірибелі дәрігер қызметінен бастайды. Осы қызметін күні бүгінге дейін абыроймен атқарып келеді.
– Әрине, дәрігер – мәртебелі мамандық. Оны таңдау үшін де бейімің болғаны абзал. Ал мен адамдарға қолдан келгенінше көмектескім келіп тұрады. Көбіне кісі көңіліне қараймын. Оның үстіне елдің алғысына бөленіп, батасын алып жүрген жақсы емес пе?! – дейді дәрігер.
Дәрігерлік мамандық – бұл ерлік. Ол өзіне жанашыр, ниеттің адал болуды талап етеді. Дәрігер ой-санасы анық, пиғылы, мінез-құлқы таза және мұнтаздай болуы керек. Бұл қасиеттер біз әңгімелеп отырған жанның бойынан табылады.
– Шындықты жақсы көремін. Себебі шындық ащы болғанымен алға бастайды. Сол себепті әрбір істе адал болуға тырысамын. Бұл менің өмірлік ұстанымым. Біздің басты міндетіміз – аурудың алдын алу, науқастың диагнозын дөп тауып, уақытында ем-шара қолдану. Халықты дәрігерлік тексерістен өткізіп тұру, – дейді ол.
Дәрігер болу үшін бейімділік, икем, қабілет қасиеттері аздық етеді. Сондай-ақ науқас адамның сеніміне кірбің келтірмей, рухани қайрат беру де маңызды. Сырқат жандарға ем-шара жүргізумен қатар жүрегін де жұмсай білуі қажет. Дәрігерлік мамандықтың сыры – ең әуелі адамға деген сүйіспеншіліктен тұрса керек.
Бір қызығы, адам жанының арашасы болатын ең күрделі саланың басым бөлігін нәзікжандылар құрайды екен. Бұл да бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді әлдилеген әйелдер қауымының нәзік бола тұра, сенімді серік екенін көрсетсе керек. Сырт сымбатына ішкі дүниесі сай бойында шыдамдылық пен сезімталдық үйлесім тапқан Ақботаның білімі мен білігіне болмысына тәнті болдық.
Бағалай білген жанға медицина қызметкерлерінің тұғыры биік. Аталған саланың маманы болу адамға жарық сыйлау іспетті. Сондықтан тек қолымен ғана емес, жүрегімен де жылу сыйлай білетін Ақбота секілді ақ халатты абзал жандарымыз көп болса қандай ғанибет.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
26 қаңтар 2021 ж. 878 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031