» » Парида САРЫБАЕВА: "Медицина саласындағы мәселелер шешімін таппақ"

Парида САРЫБАЕВА: "Медицина саласындағы мәселелер шешімін таппақ"

Әлемді жайлаған індет кезінде медицина саласына көп күш түскені анық. Дәрігерлер бірнеше айлап жұмыста қалуға мәжбүр болды. Күндіз-түні жүздеген науқасқа ем-дом жасады. Міне, осы ақ халатты абзал жандардың еңбегін елеп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында алғысын білдірді. Одан бөлек, медицина саласында бірқатар түйткілді мәселелерге тоқталды.

Мемлекет басшысы өзінің мәлімдемесінде ең бірінші абзал жандардың жалақысы 2023 жылға дейін экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болу керектігін айтты. Бұл өзгерістің медицина мамандарының жұмысына тың серпіліс берері анық. Індет белең алған кезеңде ауруханадағы төсек орынның тапшы болғаны рас. Міне, осындай қиын уақытта қалтқысыз қызмет ету үшін жыл соңына 13 жұқпалы аурулар ауруханасы салынатынын мәлімдеді. Бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру саласын дамытуда да бірқатар мәселе жоспарға қойылған. Оның ішінде шалғай ауылдарда сапалы әлі жедел көмекті ұйымдастыру. Бұл өз кезегінде науқастың денсаулығын сақтап қалуға, ауруды ушықтырмауға едәуір көмек болмақ. Сондай-ақ медицина саласында пандемия кезінде тапшы болған эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог және кардиологтарды дайындау мәселесін қозғады. 2021 жылы "Аңсаған сәби" арнаулы бағдарламасын қосу да тапсырылды. Сонда "Эко" бағдарламасымен квота 7 мыңға дейін, яғни 7 есеге көбеймек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінгі жолдауында саладағы біраз мәселені қозғады. Енді сол мәселелердің шешімін табу үшін Жолдауға қолдау білдіру аса маңызды.

Парида САРЫБАЕВА,
аудандық бас дәрігердің ана мен бала
жөніндегі бірінші орынбасары
01 қыркүйек 2020 ж. 781 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031