» » Жерлестер қамын ойлаған

Жерлестер қамын ойлаған

«Елім дейтін ер болса» деген уақыт болып тұр қазір. Жыл басында-ақ әбігерге салған әлемдік вирус, өз күшін әлі күнге дейін жоғалтар емес. Індет адамдардың өміріне қауіп төндірумен қатар экономикаға үлкен әсер етті. Медицина саласында да вирустың кесірінен қиындықтар туындап жатыр. Оның ішінде науқастарды емдеуге арналған құрал-жабдықтың жетіспеуі де бар. Міне, осындай қиын уақытта ауданға белгілі азамат Нұрлан Іздібаев өз жерлестеріне көмек қолын созды.
Бұл вирустың басты ерекшелігі – өкпенің қабынуына әкеп соқтырады. Соның әсерінен адамның тыныс алуы қиындап, жасанды тыныстандыруға тура келеді. Ол үшін медицинада арнайы оттегі баллоны қолданылады. Науқастың амандығы үшін осы оттегі аса қажет-ақ. Иә, сол себептен кәсіпкер, «Ақтөбе и К» ЖШС директоры Нұрлан Тұрғанбекұлы аудандық емханаға құны 200 мың теңге тұратын оттегі баллонын сатып алды. Қайырымды іске аурухана дәрігерлері де, ем алып жатқан науқастар да дән риза. Жомарт жан одан бөлек облыстық аурухана мен қалалық емханаға 500 мың теңге қаржы аударып отыр.
Қысқасы, Нұрлан Іздібаев бұл істі мақтаныш үшін емес, ауыр халдегі науқастарға көмек қолын созу мақсатында жасағаны сөзсіз. Жан сақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастың бұл баллонсыз жағдайы ушығып кетері анық. Яғни, қайырымды азамат қайырымы мол іс арқылы бірнеше жанды аман сақтап қалды.
Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
08 шілде 2020 ж. 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031