» » Алғыс алған ақ халатты

Алғыс алған ақ халатты


Әлемді дүрліктірген пандемия кезінде дәрігерлерге көп салмақ түсті. Олар келген қиындыққа төтеп беріп, аурумен бетпебет күресті. Өмір мен өлім арасында жатқан науқастардың жүрегіне үміт ұялатып, барлық ем-домды жасады. Нәтижесінде бүгінде індет бәсеңдеп, көптеген науқас отбасына қайта оралуда. Міне, осындай қиын жағдайда білек сыбана қызмет еткен мамандардың бірі – Динара Жүсіпова.
Қармақшылық дәрігер қазіргі таңда аудандық емханада жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етеді. Білімін аудандағы дарынды балалар мектебінде алтын белгімен тәмамдап, С.Асфендияров қазақ ұлттық медицина университетінде жоғары білім алады. Ал аудандық емханада 2012 жылдан бері қызмет етеді.
– Медицина саласын таңдауымның басты себебі – бала кезімдегі арманым еді. Оған қоса анам мен әпкемнің медицина саласының мамандары болуы да әсер еткен шығар. Қазіргі таңда арманым орындалып, ақ халатты абзал жанның бірімін. Бұл саланы таңдағаныма өкінбеймін. Керісінше, жұмыс барысында емделіп шыққан науқастардың алғысы, көңіл күйі ерекше шабыт сыйлайды, – дейді Динара Мырзабекқызы.
Дәрігер болашақта емделушілердің алғысын көптеп алуды көздейді. Осы жоспары аясында күндіз-түні тынбай еңбектенуде. Еліміздің медицина саласының дамуына еңбек сіңіру маманның жоспарына енген.
Абзал жан әлемді әбігерге салған коронавирус кезінде де қол қусырып қалған жоқ.
– Соңғы маусым-шілде айы кезінде науқастар саны күрт көбеюіне байланысты дәрігерлер жетіспеді. Сол уақытта мені уақытша провизорлық бөлімге дәрігер ретінде ауыстырып, емдеуші дәрігер міндетін атқардым. Басында науқастардың барлығы апатия, күйзеліспен келеді. Ал адамның індетті жеңуі үшін ең бастысы – сенімділік қажет. Сол үшін де біз оларға бірінші психологиялық тұрғыдан көмектестік. Сынақ нәтижесінде күдерін үзген, жағдайы нашарлаған науқастар ауруды жеңе білді. Олардың емделіп шыққаннан кейінгі алғысы, отбасына оралуы бізге моральдық тұрғыдан көп күш берді, – дейді дәрігер.
Осылайша, дәрігер науқастардың өмірге деген құштарлығын арттырып, індеттен айығып шығуы үшін аянбай ем-дом жасады. Алғысқа бөлену кез келгеннің қолынан келмейтін іс. Ал бұл маман өзі және өзі секілді әріптестерінің жанқиярлығы арқасында емдешулілерге үміт сыйлап, ауруынан құлан-таза айықтырды.
Өмірдің қиындығына төтеп беруге өмірлік жары мен үш қызы ерекше шабыт сыйлайды. Отбасының қамын ойлайтын ардақты ана олардың қас-қабағына қарап, жадыраған жүздерінен әркез қуат алады.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
25 тамыз 2020 ж. 1 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031