» » Қайыр қылды

Қайыр қылды

Алғыс айту күні мен келе жатқан Халықаралық аналар мерекесі қарсаңына орай аудандық емханада тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында іс-шара өтті.
Шарада «Біздің ардагер дәрігер­лер ха­лыққа қызмет көрсетеді» акциясы ұйым­дас­тырылып, ардагер-дәрігерлер Ұрхия Ідірісқызы мен Қамар Нәбиқызы халыққа ешқандай кедергісіз, тіркеусіз қызмет көрсетті. Дертіне шипа іздеп тексерілуге келген науқас жандар өзі қалаған дәрігеріне мұқият қаралып, емін-еркін тексерілді. Мейрамға қарсы ұйымдастырылған бұл шара халықты жақсы көңіл-күйге бөледі. Облыстық медицина орталығынан да келген терапевт және невропотолог дәрігерлер аудан халқын жақсы көңіл-күймен қабылдап, көкейде жүрген сауалға жауап беріп, кеңесімен бөлісті. Емхана жанынан қайырымдылық қоры ұйымдастырылып, жағдайы төмен көпбалалы 15 отбасыға азық-түлік, киім-кешек, отын-көмірмен көмек берілді. Істің ең қайырлысы – қайырымдылық. Жан-жағыңа жақ­сылық жасап, айналаңа шуақ шашып, балалардың көңіліне нұр сепсең, одан артық бақыт жоқ. Дәрігерлер сыйлаған тәттіні көрген балалар шадыман болды. Жанарынан үміт ұшқыны байқалады. Ал көпбалалы анаға қалай жәрдемдессек те жарасады. Алғаусыз алғыс айту күнінде шаттыққа бөленген отбасылар сала мамандарына дән риза.
Ерсін Сәдуұлы
«Қармақшы таңы».
06 наурыз 2019 ж. 1 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 659

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031