» » АУЫЛДАҒЫ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

АУЫЛДАҒЫ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты» деп Шопенгауэр айтқандай, адамның ең қымбат байлығы – денсаулық.Ал денсаулықтың қорғаны – дәрігер. Рас, басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса, ақ халаттылардың іздей бастаймыз ғой. Жаны ауырған әрбір адамға қол ұшын беруге дайын тұратын ізгі ниетті жандар ортамызда баршылық. Соның бірі – ІІІ интернационал ауылының дәрігері Зульфия Мұханбетова. Дәрімен де, сөзімен де адам ауруына шипасын беріп, көңілге сәуле сеуіп жүрген жанның жақсы істері қағаз бетіне түсіп жатса, айып бола қоймас.
Жалпы, медицина – жауап­кер­­шілігі мол, жүгі ауыр сала­ның бірі. Сол себепті кез кел­ген адам біліктілік пен аса шыдамдылықты талап ететін жауапты мамандықты меңгеру оңай емес екенін мойындайды. Бұл саланың маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында қателесуіне болмайды. Сол себепті дәрігерлер үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз сала­сында ем жүргізудің барлық тәсілін жетік меңгеруі міндетті.  
Халық денсаулығының мық­ты болуы – медицина саласында еңбек етіп жүрген дәрігерлердің қолында екені белгілі.Осы ретте, ден­саулық саласында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөлен­ген білікті дәрігермен тілдеспек болғанымызда алдында кезекте тұрған науқастың көптігін айтып, кейін хабарласуымызды сұрады. Осыдан-ақ Зульфия Алдамжарқызының өз ісіне берілгендігін, жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтынын аңғардық. Науқас көп болған соң бізде қандай шағыммен келгенін сұрай кеттік. –Қазіргі келетін науқастардың дені – артериялық гипертония дертіне шалдыққандар. Бұл – қан қысымының көтерілуі негізінде болатын ауру. Науқастарға тегін дәрі-дәрмек таратып аурудың алдын алу шараларын жүргізіп келеміз. Ағзадағы түрлі ауруды анықтау мақсатында скрингтік тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүріп отырады, – дейді дәрігер.
Әр бала кішкентай кезінен қиялшыл келеді ғой. Кейіпкеріміз де бала күнінен дәрігер болуды армандаған жанның бірі. Ол сол арманына жету үшін Ақтөбе қаласындағы медициналық институтына оқуға түседі. Оны бітірген соң алғашқы еңбек жолын Жосалы қыстағында отбасы дәрігері болып бастайды. Кейін 2002 жылы ІІІ Интернационал ауылына ауысып, сол уақыттан бері осында дәрігер болып қызмет етіп келеді.
– Бала күнімнен дәрігер болуды армандадым. Халыққа көмек көрсетіп, науқастың дертіне шипа тауып берсем деген ой болды. Бүгінде арманым орындалып, халыққа пайдам тиіп жүргеніне қуанамын. Дей тұрғанмен дәрігер болу, әрине оңай емес.  Бірақ өз мамандығымды жақсы көремін, –дейді Зульфия Мұханбетова.
Таңнан қара кешке дейін жанына шипа іздеген науқастың қас-қабағын қарап ем-домын жасайтын ақ халаттының мәртебесі қашан да биік.
Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Ақ халатты киіп алу шарт емес, әрбір дәрігер адам өмірінің арашасы екенгін білуге тиіс, – дейді ел тілегін жанына демеу етіп, Гипократ антына адал дәрігер.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».


23 сәуір 2019 ж. 3 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031