» » Тәлім мен білім бұлағы

Тәлім мен білім бұлағы

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқарады. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасы Н. Назарбаев: «Әрбір қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектептен бастап жоғары оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тілді білуге міндетті. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.
- Ағылшынның сөздік қорында бүгінде тұрақты қолданылатын сөздердің саны бір миллионға
жетіпті. Орыс тілімен салыстырсақ, әйгілі Даль сөздігінде тек 200 млн. орыс сөзі бар көрінеді. Анна тілімізді айтар болсақ, тілі шұрайлы жазушымыз Мұхтар Әуезов өз шығармаларында 30 мыңнан аса сөз қолданған деседі. Мұнан шығатын түйін: тілдің қолданыс аясы кеңейген сайын оның лексиконы да зорая береді. Көл суы оған қосылатын арналардың көбейгені себепті молая беретіні сияқты тіл де тап солай, сөздік қоры арта бермек. Өйткені, тіл – тірі ағза. Ол дамуды, өрлеп-өсуді қажетсінеді. Оған құйылатын арна – кірме сөздер. Біз бай санап келген орыс тілінің қоры Герман, грек, поляк, түркі, латын, нидерланд және ағылшын сөздерінен енген сөздерден тұратынын бірі білсе, бірі біле бермейді. Сол тұрғыдан алғанда қазақ тілінің де лексиконы бүгінде дамыған саналатын ағылшын, түркі, испан және өзге де шетел сөздерімен молықса меніңше, әбес емес, - дейді журналист Қанат Әуесбай.
Ғалымдарымыз кез келген ұлы істердің нәтижесі ұсақ-түйекке тәуелді болатынын жиі ескертеді. Қай істе болмасын осындай ұсақ-түйектерге баса назар аударып, барлық жағынан жіті қадағалап жүретін жанның бірі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Роза Изықұлова Төлегенқызы.
-Мектепке келген әрбір бала – шамшырақ. Сол шырақтың шамын жағатын ол – ұстаз. Ұстаз – өзінің ұлы істерімен өзінен кейінгілерге үлкен өнеге болып қалмақ. Бүгінгі таңда осындай үлгілі болмысымен барлық шәкірттің жүрегіне жол тапқан Роза апай, зейнетке шыққанына 8 жыл уақыт өтсе де, нағыз талантпен тынымсыз ізденістің арқасында еңбектеніп келе жатыр. Оның ойынша, әрбір бала – ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азаматтары мен азаматшалары. Сол себепті, сабақ барысында, оқушылар білмегенін сұрап жатқанда, барынша сабырлылықпен салмақтылық керек. Оларға жекіп сөйлеп, жағадан алмай, өзінің туған баласына жаны ашыған анадай ақылмен білімді қатар беру керек. Сол кезде ғана олар – шыңдалады. Алға ұмтылуға талпынады. Ешқашан жасқаншақ болып өспейді. Ештеңеден тартынбайды. Еркін өсіп, еркін жетіледі. Өз ойын өзгелермен бөлісу арқылы шын өмірдің мән мағынасын тануға ұмтылады, - дейді ақылшы ұстаз ағынан жарылып.
Расымен, бала дегеніміз – бабына келмеген, бағыты әлі анықталмаған жас буын өкілі. Оны жас күнінде қалай тәрбиелесең, есейгенде сол нәрсенің дәл солай жеміс беретіні сөзсіз. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы демекші, ең бірінші Роза апайымыз өзінің оқушыларына білім берместен бұрын, тәртіпке басты назар аударатынын айтты. Егер оқушы сабаққа қалай болса, солай келетін болса, оған ең әуелі ұрыспай, үстін айнаға барып, жөндеп келуін сұрайды. Содан кейінгі мәселе үй тапсырмасын орындамайтын оқушының болмауы. Сабаққа қатысу мәселесі, сабақтан кешігіп қалмау басты назарға алынады. Үйге берілген тапсырманы уақытылы орындау, әр сабақты өткізгенде басты бағытты – балаға аударып, барлық ынта-шынтаңмен беріліп түсіндіру. Мұғалім –өзінің пәнін жақсы көру керек. Осы аталған дүниелер – Роза апайдың басты ұстанатын қағидаты саналады.
Ақылшы ұстаз №30 Омар Шораяқұлы атындағы мектепте сабақ бере бастағаннан-ақ ауданға таныла бастады. Оның берген тәлімін көріп өскен шәкірттердің сынақтан сүрінбей өтіп, мектеп абыройын асқақтатып жүргенін жиі байқауға болады. Мәселен, Ербол Желдербаев, Жандарбек Ақылбекұлы, Гүлжайна Сапарғалиева т.б. Ол қазір «Раушан» кешенінің екінші қабатында ағылшын курсын ашып, 19 баланың білімін шыңдау үстінде. Сабақ аптасына үш мәрте жүргізіледі. Оқу курсының құны да қымбат емес. Айына бағасы: 5000 теңге. Сондай-ақ, басты айта кетерлігі, ол тек ағылшын тілін оқытумен шектелмейді. 1-6 сыныптар арасында оқитын оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, география сабақтарынан қосымша сабақ береді. Оған таңдау пәні физика-математика болған 11-сынып оқушысы Айерке Мырзабаева дәлел болады. Ол жәй ғана білімді ұстаздың немересі емес, Қызылорда қаласындағы Білім инновациялық мектебінде, физика-математика пәнін таңдап, қазір сынақтардан 128 баллды иелененіп жүрген жайы бар.
Роза апай – осы уақытқа дейін аудандық, облыстық деңгейдегі мектеп оқушыларын мемлекет аралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, олимпиадаларға дайындап жүрген ізгі де парасатты жандардың бірі. Роза апайдан сабақ алушылардың дені – мұнайшылар, зейнеткерлер, психологтар, инженерлер, теміржолшылар, заңгерлер және т.б.
Сонымен қатар, Роза апайдың курсында тек қана мектеп оқушылары емес, ата-аналарда ағылшын тілін меңгеру үстінде. Мәселен, оған жеті баланың анасы Зейнеп Исмагулова дәлел бола алады. Ол оқу курсын аяқтап, қазір балаларының сабағын өзі қадағалау үстінде.
Балаларға деген махаббатқа толы мұғалім деген мамандыққа адал болу – бүгінгі жастардың басты міндеті. Ел ертеңі жастар болғандықтан, әр маман өз саласының жетік меңгеруі парыз. Жарқын болашағымыздың кепілі болған жастарды осындай білім нәрімен сусындату – қуантарлық жағдай!
Айжан ТОҚШЫЛЫҚОВА
02 ақпан 2018 ж. 1 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031