» » » БІЗ АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСКЕ ІЛЕСТІК

БІЗ АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСКЕ ІЛЕСТІК

Үстіміздегі жылдың 9-қаңтарында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауын жариялағаны баршамызға аян. Жарияланған сәттен бастап қоғамның қызу талқысына түскен Жолдау – еліміздің даму сатысын одан әрі жалғастырып, бағдарламалық жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін және еліміздің цифрлық-технологиялық дамуын жеделдететін құжат.
Аталмыш Жолдауға арқау болған негізгі тақырыптардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын одан әрі іске асыру және күн сайын  құбылып жатқан дүниеде жаңа технологиялық қалыпқа сай адамның өмір сүру сапасын арттыру. Қазақстан-әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, тәуелсіз ел ретінде өзіндік брендін қалыптастырып үлгерген мемлекет. Сөзімнің дәлелі ретінде, өткен 2017 жылы еліміз ТМД мен Шығыс елдері арасында бірінші болып «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін ұйымдастырды. Көрмені 3 млн-нан аса адам тамашалады. Бұл өз кезегінде еліміздің әлем алдындағы беделін көтере түсті.
Елбасының Жолдауы осыған дейінгі атқарылған жұмыстардың жалғасы іспеттес. Жолдауда көрсетілген нақты 10 міндет арқылы қоғамдағы қордаланған кейбір мәселелерді шешуге, сәйкесінше қазақстандық дамудың жаңа моделін қалыптастыра түсуге бағытталғандай. Әсіресе, маған ерекше қуаныш сыйлағаны  «Адами капитал-жаңғыру негізі» жетінші бағыты. Бұл ретте, Елбасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін тек қана мемлекеттің дамуы маңызды емес, соған сай адамның дамуы, адам капиталының өсуі, бәсекеге қабілетті болуы шарт дегенді меңзейді. Сонымен қатар, осы бағытта қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуы үшін бірнеше тілді еркін меңгеруі, білім беру саласында озық технологияларды пайдалана отырып, білім беруде өзіміздің озық жүйемізді қалыптастыруды мақсат етеді. Технологиялық прогресс-қазіргі таңда білім беру ұйымдары мен өндіріс орындарынан шығып, күнделікті өмірімізге дендеп еніп бара жатқанын мойындауымыз керек. Ал, оларды басқару үшін компьютерлік сауаттылықтан бастап, тіл білімінің рөлі орасан зор. Осы ретте, ағылшын ғалымының «Экономиканың дамуы үшін бір компанияның жүз қадам аттапдамығаны маңызды емес, жүз компанияның бір қадам аттап дамығаны маңызды»-, деп айтқан аталы сөзі ойға оралады. Сол секілді технологиялық даму үдерісіне бет түзеген еліміз үшін Елбасы Жолдауы – дамудың жаңа сатысына жетелейтініне сенімдімін.
 
Азиз Дүкенбайұлы,
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері,
техника ғылымдарының магистрі.
18 қаңтар 2018 ж. 1 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031