» » ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАҒАН САЯСИ ҚҰЖАТ

ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАҒАН САЯСИ ҚҰЖАТ

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы еліміздің дамыған 30 елдің қатарына жеделдетіп қосылуына мүмкіндік беретін бағыттарға басымдық берумен ерекшеленіп отыр.
10 басым бағыттан тұратын жолдауда мемлекетіміздің алдында жаңа технологияны енгізу арқылы қазақстандық индустрияны, ақпараттық-технологияны, ауылшаруашылық саласын, транспорт және көлік логистикасын, тұрғын-үй, құрылыс саласын, қаржы секторы мен банк жүйесін, адам капиталын дамыту, тиімді мемлекеттік басқару, цифрлы технологияны енгізу, заңның үстемділігі мен сыбайластық жемқорлықпен күресу, «Смарт сити» технологиясын енгізу арқылы дамушы қалалардың проблемалық мәселелерін шешу, инвесторлардың қызығушылыған арттыру сияқты ел дамуына ерекше серпін беретін маңызды міндеттер айтылды.
Жолдаудың 7 бағыты адам капиталын дамытуда білім беру жүйесінің барлық деңгейі ел экономикасының сұранысына нақты жауап беруі қажет екені баяндалды. Бұл үшін ұстаздардың қоғамдағы беделін арттыру қажет.
Осы мақсатта, бүгінгі таңдағы білім саласында қызмет атқаратын ұстаздар қауымының қоғамдағы орынын айқындап, беделін көтеру үшін нақты шаралар қабалданып жатқаны анық. Оның айқын дәлелі, 2015 жылы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, білім беру ұйымдарында білім алушылар мен олардың ата-аналары ұстаздар қауымының қадыр-қасиетін құрметтеуге міндетті екені айтылған.
Сонымен бірге, саяси құжатта денсаулық саласына жаңа технологияларды енгізу арқылы ауруларды емдеу, оның алдын-алу, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі де көтерілді.
Жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі әлеуметтік төлемдердің соңғы екі жылда 3 есе көтерілуі, денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбек ақысы - 28, білім саласы бойынша - 29, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысы 30 пайызға көтерілген болатын. Бұл әлеуметтік қолдаулар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мұғалімдердің еңбек ақысы 30-50 пайызға дейін көбейетін болады.
Бұл жолдау бүгінгі таңда, облысымыздағы барлық білім беру ұйымдарында қызу талқыланып, ұстаздар қауымы тарапынан қолдау тауып жатыр. Сыр елі ұстаздар қауымының жаңа жолдаудан күтетін жаңалықтар мен жетістіктері мол болғай.
Бекжан ЕСЕНБАЕВ
Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы
12 қаңтар 2018 ж. 1 654 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031