» » Тұрғын үй бағдарламасының оң нәтижелері

Тұрғын үй бағдарламасының оң нәтижелері

«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес барлық жоспарланған индикаторларға қол жеткізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, холдинг бағдарламаның негізгі операторы болып табылады және негізгі бес бағыттың төртеуін жүзеге асырады.
«Олар – жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салуы, бұған дейін қа­был­данған бағдарламалар бойын­ша («Нұрлы жол», ӨДБ-2020) құрылыстың аяқталуы, халыққа арналған ипотеканың қолже­тім­ділігін арттыру, жеке құрылыс салушыларды құрылысқа ынталандыру. Холдингтің бес еншілес ұйымы – «Да­му» КДҚ» АҚ, «Қазақстанның тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компания­сы» ИҰ» АҚ, «Бәйтерек деве­лопмент» АҚ және «Тұрғын үй құры­лы­сына кепілдік беру қоры» АҚ «Нұр­лы жер» бағдарламасын іске асы­руға қатысады», деді Қ.Өскен­баев.
Сонымен қатар ол тұрғын үй құрылыс жинағы желісі бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйе­сінде 492 млрд теңге жинақ сома­сындағы 1 023 шарт бар екенін тілге тиек етті.
«Олардың ішінде 32 мың шартта салынған кредиттік тұрғын үй сатып алу үшін қажетті жинақтың 30 пайызы бар. 2017 жылға қарыз беру 181 млрд теңге көлемінде жос­парланып, жалпы сомасы 256 млрд теңгені құрайтын 37 мың қарыз берілген. Бұл жоспардың 141 пайызы. Осылайша, 2017 жылы берілген ипотекалық теңгенің төрттен үшін Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынған», деді ол.
Өскенбаев құрылыстың аяқ­та­лу бағыты бойынша бұған дейін қабылданған бағдарламалар шең­берінде жоспарланған 554,3 мың шаршы метрдің орнына пайдалануға 560,1 мың шаршы метр тапсырылғанын жеткізіп, үй құ­рылысы жоспары артығымен орындалғанын баяндады.
«Ипотеканың қолжетімділігін арттыру бағыты бойынша, 2017 жылғы мамырдан бастап жаңа бас­пана сатып алу үшін халыққа екінші деңгейдегі банктер беретін ипотекалық қарыздарды субсидия­лау тетігі іске қосылды. Қаржы опе­­раторы болып Қазақстан ипоте­калық компаниясы бекітілген. Ол ипо­­теканың 16 пайызынан жылдық 6 па­йызға дейінгі көлемін субсидиялай­ды. Нәтижесінде тұтынушы үшін сыйақының түпкілікті мөл­шер­лемесі жылдық 10 пайыздан ас­пайды. Ағымдағы жылы жалпы сома­сы 15 млрд теңге болатын, 1 мың ипотекалық қарызды субсидиялау жоспарлануда», деді Қ.Өскенбаев.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

26 желтоқсан 2017 ж. 2 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 474

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 545

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031