» » Сауда ұйымын жаңа сындарға сай болуға шақырды

Сауда ұйымын жаңа сындарға сай болуға шақырды

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Министрлер конференциясының Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен пленарлық отырысында қазақстандық делегацияның басшысы, еліміздің Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің және басқа да халықаралық ұйым­дар жанындағы тұрақты өкілі, елші Жанар Айт­жанова Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған саясатқа сәйкес, еліміздің жаһандық саудаға одан әрі интеграциялануды ұстанатынын атап өтті.
Бұдан бұрын Найробиде өткен Министрлер конференциясында Қазақстан экспорттық бәсекелестік туралы тарихи шешім қабылданғанын қолдап, қазіргі таңда оның ДСҰ-ға мүше елдер тарапынан уақтылы жүзеге асыры­латынына үміт артқан болатын. Тұрақты өкіл бұл мәсе­ле Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудыратынын жет­кізді. Өйткені ДСҰ-ға қосылу барысында еліміздің теңіз­ге шығу мүмкіндігі жоқ екеніне қарамастан, Қазақстан экс­порт­тық субсидиялардан бас тартуға мәжбүр болды. Осы орай­да Қазақстан басқа елдерді ДСҰ-ның жаңа мүшелеріне қа­тысты біркелкі бәсекелестік алаңын құруға шақырады.
Ж.Айтжанова Доха раунды шеңберіндегі ұзаққа созылып кеткен сауда келіссөздері бойынша консенсустың болмауына қарамастан, ДСҰ-ға мүше елдер қазіргі сындарға жауап іздеуді бастау қажеттігін басып айтты. Бұл тез өзгеретін экономикалы ортада ерекше маңызға ие болып отыр, өйткені электронды сауда, инвестицияларға қолдау көрсету, шағын және орта кәсiпорындардың халықаралық саудаға интеграциялануы, сондай-ақ ашықтыққа қойылатын талаптарды күшейту сияқты жаңа тақырыптар бойынша талқылауларды кейінге қалдыру қазіргі қалыптасып отырған жағдайда ДСҰ-ны нақтылығы мен өзектілігі төмен ұйымға айналуына әкелуі мүмкін. Қазақстандық дипломат еліміздің қызмет көрсету саласында ішкі реттеу ережелерін әзірлеу бойынша көпжақты келіссөздердің қайта басталуын құптайтынын да сөз етті. Бұл Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделеріне толық сәйкес келеді.
Сонымен қатар отандық делегация басшысы қазіргі таңда Қазақстан экономикасының барлық салаларын және әлеуметтік өмірдің әртүрлі аспектілерін қамтитын цифрландыру бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын хабарлады. Осыған байланысты біздің ел ДСҰ-ның электронды сауданы дамыту үшін ашық, кемсітпейтін және болжамды ғаламдық ережелерді ілгерілетудегі маңызды рөлін мойындайды.
Министрлер конференциясы ДСҰ-ның екі жылда бір мәрте өткізілетін жоғары басқарушы органы болып табылады. Оның құзыретіне министрлердің Ұйым қызметінің басым бағыттары бойынша шешімдер қабылдау кіреді. Әдетте конференцияның негізгі мақсаты ДСҰ-ға мүше елдердің халықаралық сауданың жаңа реттеуші нормалары мен ережелері бойынша келісімдерге қол жеткізу, сондай-ақ ұйымның болашақ жұмысының жалпы бағытын келісу болып табылады.
«Егемен-ақпарат»
 

25 желтоқсан 2017 ж. 3 023 1

JeaCold от 5 наурыз 2019 05:56
Priligy Precio 2013 Amoxicillin 500mg Times A Day cialis price Fluconazole Cheap Bestellen Viagra 100mg

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031