"ШАРЫҚТАСЫН ШӘМШІНІҢ АСЫЛ ӘНІ" АТТЫ АУДАНДЫҚ РЕТРО ӘНДЕРДІ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ БАЙҚАУЫ
ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйінде ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің келісімімен, ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық әртісі, композитор , қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай "Шарықтасын Шәмшінің асыл әні" атты аудандық ретро әндерді орындаушылар байқауы өткізілді. Байқауды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Ержанов ашып беріп, ауыл әкімі аппаратының бас маманы Б. Байбарақов қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аудан бойынша 11 ауылдан талапкер өнерпаздар қатысып, өз бақтарын сынады. Олар байқаудың шарты бойынша бірінші кезеңде Шәмші Қалдаяқовтың бір әнін, екінші кезеңде ретро әндерді орындап, көрермендердің ыстық ықыластарына бөленді.
Байқауға қазылар алқасының төрағасы - аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Ержанов, мүшелері - Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің мұғалімі С.Қанағатова, аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі М.Бағатов, аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі А.Қыдырбек,аудандық мәдениет үйінің музыка сүйемелдеушісі Ғ.Шәкизадалар қазылық жасады.
Байқауда түрлі байқауларға қатысып, өз өнерлерін паш етіп жүрген белгілі өнерпаздар қатысып, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені ІІІ Интернационал ауылынан Р.Рызманов, 1 орынды Төретам кентінен Г.Тоқбергенова, 2 орынды Ақтөбе ауылынан Н.Ерланқызы және Дүр Оңғар ауылынан А.Алтай, 3 орынды Иіркөл ауылынан Ә.Төлегенов, Қуаңдария ауылынан С.Бұхарбаев, Ақай ауылынан А.Тоқбергеновтер иеленіп, алғыс хатты Көмекбаев ауылынан А.Бүркітбай, Қармақшы ауылынан Қ.Әмзеев, Қызылтам ауылынан Ж.Ертісбаевалар алып, дипломдармен мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Көрермендер әсем кешті сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.














