» » Исландияда шыныдан жасалған күмбезді қонақүйлер ашылды

Исландияда шыныдан жасалған күмбезді қонақүйлер ашылды

Исландияның Рейкхольт мекенінде елден ерекше қонақүйлер қызмет көрсетеді.
Қарағайлы ну орманның ортасында мұзға ұқсас күмбезден аумайтын шыныдан жасалған 8 үй бой көтерген.
Мұнда келген саяхатшылар ашық аспан астында дем алып, сәті түссе Солтүстік шұғыласын да тамашалай алады. Алғашқы күмбез екі жыл бұрын пайда болған екен. Жергілікті тұрғын ен даланы ну орманға айналдыру бастамасын көтеріпті.
Игі идея ондаған жылда жүзеге асып, құрылыс компаниясы одан әрі дамытуды қолға алады. Енді осы бірлестік Исландияның оңтүстік жағалауына осындай қонақүйлер салмақшы.
Мұнда бір күн түнеу 250 доллар тұрады. Таңсық көріп, таң қалған саяхатшылар бағасын қымбатсынып жатқан жоқ. Қазір алдын ала тапсырыс алған қонақүйдің бірде бірі бос емес.
Аманда Амберг, америкалық саятшы:
– Ғаламторға кіріп, жанға жайлы демалыс өткізетін жақсы орын іздегенбіз. Мына күмбездерді көріп, сәті түскенде келіп демаламыз деп ойладық. Содан соң Солтүстік шұғыласын көретін сәт шығар деп арнайы келдік.
24.kz
26 желтоқсан 2017 ж. 1 496 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 11:45
Load Amoxicillin Endometrin Without Prescription Cilas Pills On Line cialis vs viagra Can I Get Provera Over The Counter Viagra Kaufen Augsburg

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 180

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930