» » Санта Клаус балаларға сыйлық тарату үшін жолға шықты

Санта Клаус балаларға сыйлық тарату үшін жолға шықты

Финляндияда Йоулупуккидің, яғни Аяз атаның ресми мекені Рованиеми ауылынан Санта Клаус балаларға сыйлық тарату үшін жолға шықты.
Аяз атаны алыс сапарға аттандыруға саяхатшылар мен тұрғындар бүлдіршіндерімен жиналды. Жалпы бұл елде Санта жылдың көп мезгілін Солтүстік полюстегі шеберханасында өткізеді деп санайды. Содан Рождество мейрамы тақағанда бұғыларын шанаға жегіп, елге оралады. Ал Солтүстік Американың әуе ғарыш қорғанысы орталығы Солтүстік полюстен шыққан Сантаның жолын әдеттегідей қадағалуға көшті. Бұл әзіл 1955 жылдан бері жалғасып келеді. Өйткені ол кезде америкалық басылымның бірі Сантамен байланысатын телефон нөмірді шатастырып, адамдар Аяз атаны іздеп, әуе қорғаныс орталығына қоңырау шалады. Содан әскерилер жыл сайын Сантаның жолын қадағалап, бүлдіршіндерге сыйлықтардың аман жеткізілгенін бақылайды.
Санта-Клаус: 
Міне жыл аяқталып, балаларға сыйлық тарататын мейрам да келді. Әрбіреуіміз бір сәт айналамызға қарап, жалғыз қалғандар бар ма, жоқ па соған мән берсек. Көршілеріңізден, достарыңыздан, туған-туыстарыңыздан сұраңыздар. Оларды мерекемен құттықтап, көңілін көтерейік. 
24.kz
26 желтоқсан 2017 ж. 1 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 358
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 214

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728