Австралияда күн қуатымен жүретін әлемдегі алғашқы пойыз жолға шықты
Мамандардың айтуынша, жыл сайын жағармай орнына күн қуатын пайдалану сәнге айналып келеді. Алғашқылардың бірі болып Австралия күн қуатының көмегімен жүретін пойызды іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі forbes.ru сайтына сілтеме жасап.
Күн қуатының көмегімен қозғалатын әлемдегі алғашқы пойыз 16 желтоқсан күні Австралияның Оңтүстік Жаңа Уэльс қаласында 3 км жол жүріп өтті. Оны Byron Bay Railroad темір жол компаниясы жасап шығарды. Мамандар осы пойызды жасау үшін 1949 жылғы пойызды қайта өңдеген.
«Біз мемлекет бойынша пойыз іздестіріп, ақыры ескі винтаж пойыз таптық. Кейін оны жасы 4,6 млрд жыл болатын энергия көзімен қуаттандырдық», - дейді Byron Bay Railroad компаниясының дамытушы директоры.
Майысқақ күн панельдері вагондардың үсті мен аралық тұрақтарда орналасқан. Бастапқыда аталған пойыз екі дизель қозғалтқышының көмегімен жұмыс істеген. Кейін осылардың біреуі көлемі 77 кВТ болатын аккумулятор мен электр моторына ауыстырылған. Мамандардың айтуынша, пойыз күн қатты бұлттанып тұрған кезде де қозғала алады.
Пікір 41