» » Əлем байларының дəулеті бір жылда 1 трлн долларға өсті

Əлем байларының дəулеті бір жылда 1 трлн долларға өсті

Биыл бәрінен көп Amazon құрушысының дәулеті өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап.
Күн сайын әлемдегі 500 бай адамның дәулетін есептеп отыратын Bloomberg Billionaires индексі 23% өсті. Мұнымен қатар, MSCI World және S&P 500 қорларының индексі 20% көбейді. 26 желтоқсандағы сауда сессиясының қорытындысы бойынша, бұл күні 500 миллиардер 5,3 трлн долларды бақылап отырды. 2016 жылы бұл уақытта олардың барлығы жалпы 4,4 трлн долларды иеленген болатын.
Биыл Amazon.com Inc. құрушысы Джефф Безостың дәулеті бәрінен көп өскен. Ол 34,2 млрд долларға байып, қазан айында Microsoft Corp. ортақ құрушысы Билл Гейтсті басып озды. Гейтс бұл тізімде 2013 жылдың мамыр айынан бері көш бастап келген болатын. Ол өзінің дәулетінің белгілі бір мөлшерін тұрақты түрде қайырымдылық қорларына аударып отырады. Тамыз айында ол Билл мен Мелинда Гейтс атындағы қорға 4,6 млрд доллар аударды.
«Вести.Экономика» басылымының хабарлауынша, қараша айының соңында Безостың дәулеті 100 млрд доллардан асып түскен. Қазір бұл сома 99,6 млрд долларды құрайды. Десе де, бұл 91,3 млрд долларды иеленген Гейтс дәулеті әлдеқайда көп.
Джордж Сорос та өзінің дәулетінің белгілі бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсап отырады. Қазан айында оның отбасының соңғы бірнеше жылда 18 млрд долларды Ашық қоғам қорларына аударғаны белгілі болды. Нәтижесінде Bloomberg рейтингінде 8 млрд доллар дәулетімен 195-орынға түсіп қалды.
2017 жыл технология саласындағы миллиардерлер үшін табысты болды: 57 адам 262 млрд долларға байыды. Олардың дәулеті өзге саладағы мамандармен салыстырғанда 35% артты. UBS Group AG және Price water house Coopers мәліметіне сүйенсек, алғаш рет Азия миллиардерлерінің саны америкалықтардан асып түсті. Bloomberg индексі бойынша 2017 жылы 38 қытайлық миллиардер 177 млрд долларға байыды.





28 желтоқсан 2017 ж. 1 311 1

JeaCold от 25 ақпан 2019 02:46
Cialis Doses Propecia Zona Laterale viagra Levitra Sotto Lingua Cialis On Line Acquisto Sicuro Order Cialis Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930