» » Қазақстанда ойыншықтарды кез келген жерде сатуға тыйым салмақ

Қазақстанда ойыншықтарды кез келген жерде сатуға тыйым салмақ

Алдағы уақытта елімізде ойыншықтар тек арнайы дүкендерде сатылуы мүмкін. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап
Комитет басшысының айтуынша, енді кеденнен сертификатталған ойыншықтар ғана өткізіледі.
«Қатаң талаптар қоюға мәжбүр болып отырмыз. Себебі, кәсіпкерлер осы күнге дейін қойған талап-тілектерімізді ескермей келді», - дейді Бекшин.
Мұнымен қатар, ол сатушылардан ойыншықтарды арнайы дүкендерде ғана сатуды талап ететінін айтып өтті.
«Бұл - ерекше бақылауда болып, гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс тауар», - дейді ол.
Санитарлық дәрігердің айтуынша, елімізге сапасыз ойыншықтарды тұрғындардың өздері шетелден аздаған партиялармен алып келеді.
«2017 жылы бұл сегментті Қытай, Түркия, Украина сынды мемлекеттер құрады - 49,4%. Қалған 16%-ды ЕЭО, 11,1%-ды отандық өндірушілер құрады», - дейді Бекшин.
Бұдан өзге ол қауіпті токсикологиялық көрсеткіштерге ие ойыншықтарды атады. «Карапуз» қуыршақтарын, «ЛАВА» жұмсақ ойыншықтарын, «Весенняя прогулка» жиынтығын және «Лягушка с лягушатами» атты пластмассадан жасалған ойыншықтарды сатып алмауға кеңес берді.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930