» » Грузиялықтардың басым көпшілігі сырттан келген тауарларды тұтынуға әуес

Грузиялықтардың басым көпшілігі сырттан келген тауарларды тұтынуға әуес

Грузия отандық өнімдерін қолдауға шақырады.
Өйткені халықтың көпшілігі сырттан келген тауарларды тұтынуға әуес. Сондықтан жергілікті өндірушілер шет елдік нарыққа шыға алмай отыр.
Шарап, цитрус жемістері мен лимонад. Бұл – әлемге әйгілі грузиялық өнімдер. Дегенмен бұл елдегі азық-түлік қатарының бұдан да көп екенін біреу білсе, біреу білмес. Бұдан бірнеше жыл бұрын Грузия шарап елі емес, сондай-ақ шай экспорттайтын ел ретінде танылған.
Қазір елде осы өндіріс қайта жаңғыртылып жатыр. Сонымен қатар бал, шұжық, түрлі тәттілер мен балмұздақ өндірісі де қайта қолға алынды. Грузиялық цитрустардан жасалатын майға қуырылған жемістер ерекше. Бұл тағам түрі өз елінде емес, Еуропа мен Ресей нарығында және көршілес елдерде сұранысқа ие.
Тариел Зивзивадзе,  «Грузин тауарларын сатып ал» қозғалысының негізін қалаушы:
– Грузиялықтардың өзі жергілікті өнімдерді тұтынбаса, кінәні кімге арта аламыз? Әлбетте түпкі мақсатымыз – экспортты ұлғайтып, ел экономикасына екпін беру. Бірақ алдымен жергілікті нарық тұрақталуы тиіс. Осы мақсатта жергілікті тұрғындар үшін отандық өнімдер туралы презентациялар өткізіп тұрамыз.
Қазақстан Грузия өнімдері экспортталатын бес елдің қатарында. Елімізге ол жақтан көбіне мандарин, минералды су және шарап келеді. Тбилиси қаласында жыл сайын грузин-қазақ бизнес-форумы тұрақты түрде өткізіледі. Ол жерде қос тараптың экономикалық серіктестігінің келешегі талқыланады. Грузия статистика агенттігінің дерегінше, соңғы 11 айда екі ел арасындағы тауар айналымы 73 миллион долларды құраған. 
24.kz
26 желтоқсан 2017 ж. 1 498 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 930

Сұхбат

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031