» » » АУДАНДА ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРАУЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

АУДАНДА ОБЛЫСТЫҚ ЖЫРАУЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ


2025 жылғы 7 қараша күні аудандық жыраулар үйінде «Рүстембек жырдың бұлбұлы, Әзірбек сөздің дүлдүлі» атты облыстық жыраулар фестивалі өтті. Іс-шара Сыр өңірінің рухани бай мұрасын дәріптеу, жыраулық дәстүр мен поэзия өнерін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтап, жыраулық өнердің ұлт руханиятындағы орнын атап өтті.

Фестивальге облыстың әр өңірінен келген жыраулар мен өнерпаздар қатысып, атақты Сыр шайырларының мұрасын орындап, халыққа рухани әсерлі кеш сыйлады.

Кеш барысында Рүстембек Жиенбайұлы мен Әзірбек Ақшолақовтың өмірі мен шығармашылығына арналған жырлар мен толғаулар орындалып, жыр мұрасының ұрпақ сабақтастығы кеңінен насихатталды.

Фестиваль соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, жыраулар өнерін жалғастырып жүрген жас буын өкілдері марапатталды.

08 қараша 2025 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031