» » » Мұзарап - әннің бұлбұлы, Рүстембек - жырдың дүлділі

Мұзарап - әннің бұлбұлы, Рүстембек - жырдың дүлділі

Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен Ақын Мұзарап Жүсіпұлының 115 жылдығы мен жырау Рүстембек Жиенбайұлының 115 жылдығына арналған арналған «Мұзарап әннің бұлбұлы, Рүстембек жырдың дүлдүлі» атты облыстық жыраулар фестивалі мен жас ақындар айтысы ұйымдастырылып, жыр көрігін Қармақшы жерінде қыздырды. Мәдени шараны Қармақшы ауданы әкмінің орынбасары Омаров Жарқын Тұрмаханұлы ашып, сәттілік тіледі. Жыр фестивалін шашасына шаң жұқтырмас даңғайыр жыраулардың ұрпағы Бидас Үрістембеков, Қасарбек Кәрібаев, Балтабай Бедебаев, Айгерім Ешбаева, Әділхан Қуаңбаев, Байбол Көшенеевтер бастап шықса, айдынды Арал мен қарт Қаратаудан келген 6 жас ақындар Серіков Еркебұлан /Қармақшы ауданы/, Серіков Жанұзақ /Қазалы ауданы/, Жаулыбаева Қаламқас /Қармақшы ауданы/, Бағдәулет Әбілдаев /Қызылорда қаласы/, Дильназ Ержігіт /Шиелі ауданы/, Дамир Айтбай /Жалағаш ауданы/ қатысып, өрелі сөздің кестесін келтіре жырлады. Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен Дильназ Ержігіт /Шиелі ауданы/ Бас жүлде, Бағдәулет Әбілдаев /Қызылорда қаласы/ І орынмен, Жаулыбаева Қаламқас /Қармақшы ауданы/ мен Дамир Айтбай /Жалағаш ауданы/ ІІ орынды иеленсе, Серіков Еркебұлан /Қармақшы ауданы/ мен Жанұзақ Серіков /Қазалы ауданы/ ІІІ орынды қанжығаларына байлады. Аталған шараға Мұзарап ақынның жиендері Кенебаев Тиыштыбай мен Бисенбаев Асылан ағаларымыз арнайы келіп, ризашылықтарын білдірді.
21 қыркүйек 2020 ж. 946 1

Veta от 28 мамыр 2025 09:33
Thanks. I like this. casino en ligne You explained that perfectly. meilleur casino en ligne Great data. Thank you! casino en ligne Superb information, Thanks! casino en ligne France Thanks a lot! I enjoy it! casino en ligne francais Many thanks, Useful stuff! casino en ligne fiable Wonderful material Many thanks! casino en ligne Wow a lot of very good advice. meilleur casino en ligne Cheers! I appreciate it! casino en ligne Seriously tons of excellent material! casino en ligne France

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 865
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30