» » ҚАЗАҚТЫҢ МӘРТ МІНЕЗ МАЙТАЛМАНЫ – МЫРҚЫ ИСАЕВ

ҚАЗАҚТЫҢ МӘРТ МІНЕЗ МАЙТАЛМАНЫ – МЫРҚЫ ИСАЕВ

Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің келісімімен Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Қармақшы ауданының 90 жылдығы қарсаңында ақын, журналист, қоғам қайраткері Мырқы Исаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың мәрт мінез майталманы-Мырқы Исаев...» тақырыбында облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді. Шарада "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И. Құттықожаев, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Е. Меңлібаев сөз сөйлеп, қатысушы талапкерлерге жылы лебіздерін білдірді.
Мүшәйраға 12 қатысушы талапкерлер ұсыныс берді. Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен Қазалылық Ақжол Түменбай /Бас жүлде/, 1-орын Ұлықбек Тәңірберген /Қызылорда қаласы/, 2-орын Ақтөре Ибрагимұлы /Сырдария ауданы/, 3-орын Құдайберген Шыңғыс /Шиелі ауданы/, «Омар Шораяқұлы атындағы» арнайы жүлдемен Арал ауданынан келген Қыстаубаев Алтынбек, «Тұрмағамбет Ізтілеуұлы атындағы» арнайы жүлдемен Қызылорда қаласынан қатысқан ақын Ғабит Кәдірбай иеленді. Оған қоса Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қорының арнайы жүлдесін қармақшылық Еркебұлан Серіков және қызылордалық Биболат Сәтжан иеленді. Қалған барлық талапкерлер арнайы дипломдармен марапатталды.
28 маусым 2018 ж. 2 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 343
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930