» » » ЖЫРАУ МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

ЖЫРАУ МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Жуырда К.Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуовтің шығармашылығына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Шараның мақсаты – ақынның шығармаларын насихаттау, жас толқын жастардың жадында қалдыру. Тұрмағанбеттің бар болмысын, шығармашылығын, халық арасында кеңінен таралмаған терме-дастандарын өнерсүйер қауымға ұсыну. Байқауға аудандық 16 мектептен 35 талапкер қатысып, бақ сынады. Қазылар алқасының құрамында Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Наурызбаева, аудандық қазақ тілі қоғамы филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов және Ә.Омаровтар болды. Байқау нәтижесі бойынша Камила Нұрлан бас жүлде, Нұрай Нағашыбай І орын, Еркебұлан Серіков ІІ орын, Айжан Әбідрахманова ІІІ орынды иеленді. Аружан Бегімбай «Шайыр Омар Шораяқұлы» атындағы, Іңкәр Талғатқызы арнайы «Ақын Әлиакбар Жұматайұлы» атындағы жүлделерге ие болды.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«ҚАРМАҚШЫ ТАҢЫ»
26 мамыр 2018 ж. 1 792 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031