» » КЕМЕЛ ЖІГІТ КӨШ БАСТАР

КЕМЕЛ ЖІГІТ КӨШ БАСТАР

Қармақшы ауданының 90 жылдық мерейтойына байланысты «90 жылдыққа – 90 игі іс-шара» аясында Көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен «Кемел жігіт көш бастар» тақырыбында аудандық жігіттер байқауы болып өтті. Аудандық байқаудың мақсаты- ата-баба дәстүр - салтымызды насихаттау арқылы, келешек ұрпаққа дәріптеу. Қазақтың ұлттық құндылықтарын қайта жаңғыртумен бірге жас таланттарды анықтау болып табылады.
Байқау барысында ауданның 16 мен 25 жас аралығындағы белсенді қатысқан жас жігіттері ұлттық құндылықтарды жоғары ұстанатын, өз өнерлерімен сахналық деңгейдегі мәдениетінің жоғары екендігін көрсете білді. «Кемел жігіт көш бастар» тақырыбында өткізілген байқауға аудандық мәслихат депутаты Раева Күлжауһар мен ақын Нәзікбаев Дастан сөз сөйлеп байқауға белсенділікпен қатысқан жас жігіттерге пікірлерін білдірді. Бірнеше кезеңдерден тұрған байқауда қазылар алқасының шешімімен 1 орынды Сабырбек Сәкен №186 мектеп оқушысы, 2 орынды Ильясов Ақтілек №279 мектептің оқушысы, 3 орынды Дәрібаев Талғат №30 мектептің оқушысы иеленді.
Арнайы жүлдемен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен «Нұр Отан» Партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Жас Отан» ЖҚ тағайындаған «Көрермен көзайымы» номинациясымен №121 орта мектептің жас маманы Қалиев Нұрсұлтан марапатталып қорытындыланды.
26 ақпан 2018 ж. 1 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 149

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930