» » "Қорқыт" поэмасынан поэтикалық эстафета

"Қорқыт" поэмасынан поэтикалық эстафета

Аудандық балалар кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар;рухани жаңғыру" мақаласы аясында және Қармақшы ауданының 90 жылдығына орай жергілікті ақын Әлімбай Әлиасқаровтың 110 жылдығына "Сырдан шыққан шежіреші ақын Әлімбай Әлиасқаров" атты "Қорқыт" поэмасынан поэтикалық эстафета болып өтті. Поэтикалық эстафетаның мақсаты - туған жердің төл тарихы мен өнерін, мәдениетін тану, оны өскелең ұрпаққа насихаттау. Ақын - жазушылар мен оқырмандар арқылы байланыс орнату. Поэтикалық эстафетаға аудандық тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Е.Ерсұлтанов, кітапхана қызметкері І.Боқтыбаев және кітапхана оқырмандары қатысты. Сонымен бірге №105 мектеп-лицей мұғалімі Т.Сарсенова, кітапханашысы А.Бисенбаева және 7 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін және "Қорқыт" поэмасын оқыды. Кешке қатысқан қонақтар өз пікірлерін білдірді. Ардагер С.Керуенов, ұстаз-ардагер оқырманымыз Ұ.Ақшолақова, кітапхана қызметкері І.Боқтыбаев және кітапхана әдіскері Г.Раева өз пікірлерін ортаға салды.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Г.Қаниева поэтикалық эстафетаны қорытындылап, қатысқан оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.
21 ақпан 2018 ж. 1 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930