» » ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ТЫҢ ДҮНИЕМЕН ТОЛЫҚТЫ

ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ТЫҢ ДҮНИЕМЕН ТОЛЫҚТЫ

Қармақшы аудандық кітапханасында Қармақшы ауданының 90 жылдығына орай қазақ поэзиясының талантты өкілдерінің бірі ақын Алтай Үсенұлының “Өміршебер” атты кітабына тұсау кесері болып өтті.
Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласындағы “Рухани қазына” кіші бағдарламасы және “Жауһар жыр” жобасы аясында өткізілген шараның мақсаты - Қармақшы ауданынан шыққан ақын-жазушыларды, олардың шығармаларын өскелен ұрпаққа насихаттау. Сол арқылы оқырманның туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриотизмді нығайту. Ақын-жазушылармен оқырмандар арасында рухани байланыс орнату. Мәдени көпшілік шаралар арқылы қаламгер мен оқырманның кездесуіне қол жеткізу.
Ақын Алтай Үсенұлы оқырмандарға жалпы әдебиет туралы өзінің лебізін білдіріп, оқушыларды кітап оқуға шақырды. Кешке ақын Алтай Үсенұлы, Дастан Нәзікбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Айдаров, кент ардагер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев, журналистер одағының мүшесі, Рәшит Жарылқасынов, Сариев Орынбасар, “Қазақ тілі” қоғамы төрағасы Құлдүйсенов Әбдірахман, Тұрмағамбетова Ұрхия, Ерболатов Мәскеу, Пірімжаров Аманжол, Ұзақбаев Ерболат, Дінкешова Лиза және ардагерлер мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Сонымен бірге Агротехникалық колледждің студенттері және №26, №250 мектептің оқушылары қатысып, №250 дарынды мектептің оқушылары Өтетілеу Сымбат пен Попова Ира және №26 Ш.Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары Ефенова Гауһар, Құлтаев Сағындық, Нағыметова Ұлдана, Сақтапберген Арман, Қылышбаева Нұршат пен Қармақшы ауылының тұрғыны студент Қондыбеков Орынбек ақынның өлеңдерін оқыды.
Ақынның “Қымбатсың адам өмірі” өлеңін Жырау Ешбаева Айгерім мақаммен орындап шықты. Кешке қатысқан қонақтар өз пікірлерін ортаға салды. Кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев, Ақын Д.Нәзікбаев, Журналистер одағының мүшесі Р.Жарылқасынов, оқырман Ү.Тұрмағамбетовалар өз пікірін ортаға салды. Ақын Алтай Үсенұлына аудандық кітапхана сый-сыйапат тапсырды. Кешке белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Кешті оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Сыздықова Ләйля жүргізді және ақынның шығармашылығы жайында бейнеролик көрсетілді.
20 ақпан 2018 ж. 1 975 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031