» » » ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Жуырда  аудан тұрғындарының рухани қолдаушысы «Қармақшы таңы» газетін ұзақ жылдар басқарған, Қазақстан Журналистер Одағы және Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Алтай Үсеновтың  құрметті зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты аудан әкімі Сұлтан Мақашов қабылдау өткізді.
Қабылдауда өңір басшысы Сұлтан Ысқақұлы мерейгерді құрметті зейнеткерлік демалысқа шығауымен құттықтап, шараға жиналған жұртшылықты  қаламгердің өнегелі өмір жолымен таныстырды. Сонымен бірге,  аудан экономикасын нығайтуға қосқан сүбелі үлесі үшін  өз атынан құттықтау мен аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың  құрмет грамотасын тапсырып,  қазақы салт-дәстүрмен шапан жапты.
Мерекелік қабылдау барысында аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы құттықтау сөз сөйлесе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, ардагер журналист Рашид Жарылқасынов, ақын Сәнтөре Пірманов және туысқандары атынан Пірәлі Алданазаровтар мерейгерге өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ыстық ықыластарын жеткізді.
Қабыдау одан әрі ақын-журналист Алтай Үсенұлының  Алматы қаласындағы «Нұрлы әлем» баспасынан жарыққа шыққан «Өміршебер» атты өлеңдер мен поэмалар жинағының тұсаукесеріне жалғасты.
Тұсаукесерде аудан әкімі Сұлтан Мақашов  ақынның жауһар жырлары туралы пікірін айтып, шығармашылық табыс тіледі.
Өз кезегінде мерейгер осындай тағылымды іс-шараны ұйымдастырушыларғаалғаусыз алғысын айтты.
«ҚТ» ақпарат.
26 желтоқсан 2017 ж. 2 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 831
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930