Байқау мақсаты

Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қармақшы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім қызметкерлері арасында «Жолдау жолымен білім биігіне!» тақырыбында аудандық үгіт-насихат бригадалар байқауы өтті. Байқау мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын қоғамда кеңінен насихаттау болып табылады.
Байқауға 4 аймақ бойынша іріктеліп өткізілген 8 үгіт – насихат бригадасы № 29, № 79, №80, № 106, № 183, № 185, №272, № 279 мектептердің үгіт-насихат бригада топтары қатысты. Барлық мектеп ұстаздары өз мектептерінің абыройын қорғап, белсенділік танытып, өте жақсы деңгейде байқауды алып шықты.
Байқау қорытындысымен №29 мектептің «Рухты жастар» тобы «Ең үздік әуенді ұжым», №79 мектептің «Нұрлы қызылтам» тобы «Үздік өнерлі топ», №80 мектептің «Рухани times» тобы «Үздік насихаттаушы», №106 мектептің «Ұлағат» тобы «Үздік ұйымшыл топ», №183 мектептің «Smart teachers» тобы «Жаңалықтың жаршысы», №185 мектептің «Болашақ» тобы «Үздік сценарий», №272 мектептің «Руханият» тобы «Үздік PR топ» номинацияларымен марапатталса, жоғарғы баға алған №279 мектептің «Руханият» тобы «Ең үздік үгіт бригада» атанып жеңіске жетті. Бұл топ алдағы уақытта аудан атынан облыстық үгіт-насихат бригадалар байқауында бақтарын сынап, өз өнерлерін көрсететін болады. Барлық қатысушы командалар дипломмен марапатталып, әр қатысушы ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитетінің сыйлығы табысталды.
20 ақпан 2018 ж. 3 052 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930