» » МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында Қазақстан халқына жолдауын насихаттау түсіндіру мақсатында аудандық орталық кітапхананың оқу залында Қармақшы аудандық мәдениет саласы қызметкерлері арасында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің басшысы Н.Наурызбаева ашып, жолдауда келтірілген ауқымды мәселелерге кеңінен тоқталып «Цифрлы дәуір» талаптарына сай болу керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры К.Қаниева «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруға байланысты пікірін білдірсе. аудандық жыраулар үйінің директоры С.Жақсығұлов және Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Д.Ержановтар Жолдауда көрсетілген маңызды мәселелер жайлы өз ойларымен бөлісті. Жиын қорытындысымен мәдениет саласы қызметкерлері бір ауыздан Елбасы Жолдауын қолдап, алдағы күндердегі міндеттерді жұмыла орындауға жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
16 қаңтар 2018 ж. 2 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930