» » » Елбасы Жолдауының негізгі тармақтарын түсіндіру бойынша жиын өтті

Елбасы Жолдауының негізгі тармақтарын түсіндіру бойынша жиын өтті

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға жиналған Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес өтті.
Талқылауға мәдениет саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және педагогтар жиналды. Онда мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбеков Жолдаудың басым бағыттары жөнінде пікір білдірді.
«Мен өзім 1997 жылдан бері жарияланып келе жатқан Жолдаулардың куәсімін. Онда әр жылдары елге керекті жаңалықтар айтылады. Биылғы жолдау – Елбасының 2050 стратегиясын жүзеге асырудың нақты жолдары және әлемде жүріп жатқан төртінші өнеркәсіптік революцияның дамуына арналып отыр. Одан бөлек, халықтың әлеуметтік мәселелері, зейнетақы жүйесі, білім мәселесі де қамтылған. Бұрын Елбасы білімді дамыту керек десе, енді қазақстандық білімнің негізін қалау қажеттігін баса айтты. Мәдениет, идеология мәселесіне де ерекше көңіл бөліп отыр. Сондықтан, Қазақстанның әрбір азаматы осы жолдауды жүзеге асырудың кепіліне айналуы керек. Әрбір қазақстандық Жолдаудағы міндеттерді орындауға атсалысуы тиіс», – деп атап өтті Мырзатай Жолдасбеков  Ұлттық академиялық кітапханасында өткен Қоғамдық кеңес отырысында.
Еркін ҚАЛДАН
12 қаңтар 2018 ж. 2 020 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031