» » БІЛІМ - ТАБЫСТЫ БОЛУ КЕПІЛІ

БІЛІМ - ТАБЫСТЫ БОЛУ КЕПІЛІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. 
Бұл бағдарламалық мақаласында 6 бағытқа басымдық берілген. Соның бірі - білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. Құндылықтар жүйесінде тек білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана зор табысқа жетеді. Жастар басымдық беретін межелердің қатарында білімнің үнемі бірінші орында тұруы шарт екені даусыз. Бұл - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтқан орамды ой.
Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында бізге сергектік пен серпіліс керек. Президент ұсынған тың идеялар - жаңа нәтижелі көкжиектерге бастайтын серпіліс. Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда білім ошақтарында, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде  ғылым, білім беру және жас ұрпақты тәрбиелеуде Елбасы ойларының орны ерекше.
Білім – табысты болудың басты факторы. Ол ел жастарының болашағына ғана емес, бүтіндей мемлекеттің дамуына әсер етеді. Сондықтан оған әрдайым ерекше басымдық берілетіні – түсінікті де. Қазір экономика, өнеркәсіп, өндіріс салалары көз ілеспес жылдамдықпен алға жылжуда. Яғни, технологиялық революция. Енді бір он жылдан кейін қазіргі кәсіптердің кейбірі жойылып, жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Ал, оларды игеріп кете алатын жастар Қазақ елінде де болуы керек. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміздің бір парасы – осында.
Осы бағдарламалық мақала аясында  аудандық білім бөлімінің іс-шара жоспары дайындалып, жыл бойында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Атап айтар болсақ, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылы 18 қазанда оқушылар үйі базасында «Қазақтың салт-дәстүрлері» тақырыбында 7-8 сынып оқушылары арасында шығарма жазудан байқау өткізілді. Байқауға білім бөліміне қатысты мекемелердің оқушылары қатысты. Байқау нәтижесі бойынша №272 мектептің 5 сынып оқушысы Әбілтаев Құдайберген І орын, №108 мектептің 5 сынып оқушысы Ертоқаева Ақниет ІІ орын, №279 мектептің 6 сынып оқушысы Құлымжан Назерке ІІІ орын иеленсе, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен №121 мектептің 5 сынып оқушысы Базарбекова Ақторғын, №183 мектептің 6 сынып оқушысы Төлегенов Диас, №29 мектептің 6 сынып оқушысы Ібашов Дамир, №79 мектептің 6 сынып оқушысы Қарымсақова Шұғыла, №105 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Төлен Ақтілек марапатталды.
«Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру»  мақаласы  аясында«Латын әліпбиіне   көшу-заман талабы»  тақырыбында 7 қарашада №29 мектепте дөңгелек үстелдер, пікірталас, семинарлар өткізілді.
29 қараша күні Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын ілгерілету мақсатында "Ұлттық өнерді жаңғыртқан үздік шебер" тақырыбында аудандық байқау өткізілді. Байқаудың І кезеңінде ұстаздар көрме ұйымдастырса, ІІ кезеңінде ұлттық нақыштағы бұйым жасап көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша №277 мектеп-лицейінің технология пәні мұғалімі Мықтыбай Ыдырысұлы Бас жүлдені иеленді.
Қазақ елінің жастары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылулары керек. Себебі, жаңа дәуірде тек бәсекеге қабілетті, аса білімді, сауатты адамдар ғана табысқа жетеді. Ел жастарында осындай қасиеттер болса, кез-келген мемлекеттің болашағы жарқын болары анық. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.
 


Жарқын ОМАРОВ,
аудандық білім
бөлімінің басшысы
25 желтоқсан 2017 ж. 5 912 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 12:20
Achat Cialis Medicament Propecia Descargar http://kamagpills.com Amoxicillin Adult Dose Rate Cialis Et Arythmie

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 552

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 622

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031