» » ЖАСАМПАЗ ҚАЛА АСТАНА

ЖАСАМПАЗ ҚАЛА АСТАНА

Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастыктың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, мандайға біткен бақ емес пе?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа бетгерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.
Биыл Астананың еліміздің ордасы болып жарияланғанына - 20 жыл. Иә, бүгінде Астана қаласы еліміздің жетістіктерінің айнасы. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр уақыт өтті. Әлемдік тарих үшін бұл, әрине, көп уақыт емес. Дегенмен осы тәуелсіздікте өткен аз уақыт қазақ халқының ғасырлық арманы болатын. Сол бабалар арманына жетуіміз – біздің Ұлы жетістігіміз. Ал, ұлы жетістігіміздің асқақ жемісі елордамыз – Астана. 
Шыңдары көкті тіреген асқақ Алатау баурайынан Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасында бой түзеген әсем Астана жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала. Еліміз егемендігін алып, дербес мемлекет  болғаннан кейінгі астананы ауыстыру бас қаланы қайта жаңғыртуды  ғана емес, ең алдымен, қазақтың өз таңдауы өз қолында екендігін көрсетті.

Ақнұр Сағынтай
25 желтоқсан 2017 ж. 2 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 547

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 616

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031