» » » ТҰРМАҒАМБЕТ ЖЫРЛАРЫ- ЖАҢА ҒАСЫР КӨГІНДЕ

ТҰРМАҒАМБЕТ ЖЫРЛАРЫ- ЖАҢА ҒАСЫР КӨГІНДЕ

Қармақшы аудан әкімдігінің қолдауымен К.Рүстембеков атындағы "Жыраулар үйінің" ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қармақшы ауданының 90 жылдығы қарсаңында Сыр сүлейі, есімі алты Алашқа мәлім Тұрмағамбет Ізтілеуовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Тұрмағамбет жырлары- жаңа ғасыр көгінде» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Жыр күмбезін Сыр елінде көтерген, Сыр елінің Фердаусиі болып өтелген, жақұт жырларын ұрпаққа қалдырған, таланты мен тағдырластарын таң қылған, Тұран топырағының жыр жүрегі Тұрмағамбет Ізтілеуұлының шығармаларын насихаттау, болашақ жастардың жадында қалдыру- бүгінгі байқаудың басты мақсаты болды.
Сыр елі- жыр елі секілді егіз ұғымдарды көңіл көкжиегінде қонақтатып, шамшырақша жарқырата білген Сыр сүлейлері ішіндегі ең көрнекті тұлғаларының бірі- Тұрмағамбетті сол елдің еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін мақтан тұтары анық. Тұрмағамбетке дейін де кейін де киелі Сыр елінде айыр көмей, қаусырма жақ талай ақын- жыраулар өткен. Солардың арасынан Тұрмағамбет ақынның айрықша орын алары сөзсіз. Сыр бойы қашаннан «Сүлейлер елі» деп тегіннен- тегін аталмаған. Оған дәлел бір ғана Тұрмағамбет ауылынан 100-ден аса ақын- жыраудың аты танылып, мәлім болғанын айтсақ та жеткілікті. Олай болса осындай ұлы тұлғалы ақын Тұрмағамбет ақынның бар болмысын, шығармашылығын және халық арасында кеңінен насихатталмағане терме, дастандарын өнер сүйер қауымға ұсыну мақсатында өткен байқауға 16 мектептен 35 талапкер қатысып, бақ сынады. Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы қатысушы талапкерлерге сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Арнайы құрылған қазылар алқасының төрайымы Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы, алқа мүшелері Әбсалам Омаров, Әбдірахман Құлдүйсеновтер төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде Нұрлан Камила /№29 мектептің 3 сынып оқушысы/ Бас жүлде, Нағашыбай Нұрай /№274 мектептің 4 г сынып оқушысы/ І орын, Серіков Еркебұлан ІІ орын /№121 мектептің 9 сынып оқушысы/, Әбідрахманова Айжан ІІІ орын /№30 мектептің 4 сынып оқушысы/, Бегімбай Аружан "Шайыр Омар Шораяқұлы атындағы" арнайы жүлдеге ие болса, /№80мектеп гимназиясының 10 сынып/, Талғатқызы Іңкәр "Ақын Әлиакбар Жұматайұлының атындағы" /№29 мектептің 3 сынып оқушысы/ иеленді. Қалған талапкерлердің барлығына да арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. 
Сыр өңіріндегі ақын- жыраулардың көкірегінен төгілген жырларын құмның арасынан іздегендей тірнектеп жинап, бұл қымбат қазынаның сыры мен сымбатын жұртшылыққа жеткізу- кейінгі ұрпақтың міндеті. Тарих қойнауында жатқан өз заманының белгілі тұлғалары ақындар мен жыраулар осылайша халықтан өз бағасын ала бермек. Артында сұлу сөз бен өлместей мұра қалдырған атақты дара тұлғаларды қалай құрметтесек те артық етпейді.
23 мамыр 2018 ж. 1 746 1

JeaCold от 24 ақпан 2019 20:25
Acheter Du Cialis Online viagra Swelling Amoxicillin Allergy Viagra Profesional Cialis In Danemark Kaufen

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 909

Сұхбат

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031