» » » САФ ӨНЕРДІҢ САҢЛАҒЫ

САФ ӨНЕРДІҢ САҢЛАҒЫ

Жақында К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің ұйымдастыруымен «Жыр саңлағы – Сүйінбай» атты облыстық жыраулар фестивалі өтті. Айтулы шара Сыр еліне белгілі жырау, талай шәкіртті жыраулық өнерге баулыған Сүйінбай Ақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында өткен жыр фестивалінде аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев сөз сөйлеп, жыраудың өмір жолына тоқталды. Сондай-ақ, С.Ақбаевтың көзін көрген жыр дүлдүлі Жұмабек Аққұлов пен ұрпағы Тәсілім Қожатаев естеліктер айтты.
Фестивальге қатысушы өнерпаздар сан ғасырлық тарихы бар ұлттық мәдениетімізді қайта жаңғыртып, көрерменіне рухани дем берді. Шарада барлық өнерпаздар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
– Сыр елінің жыршылық, жыраулық өнерінде Сүйінбай Ақбаевтың орны ерекше. Фестиваль – жас ұрпақ өкіліне үлкен мектеп. Жергілікті жырауларды танып білуде, оның шығармашылығын насихаттауда осындай шаралардың пайдасы зор болмақ. Сыр сүлейлерінің ізбасары Сүйінбай Ақбаевтың ұлт мәдениеті мен қазынасына қосқан үлесі ұшан-теңіз, – дейді жырау Бидас Рүстембеков.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
17 сәуір 2019 ж. 1 972 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 126

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930