» » » ЖЫРАУ МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

ЖЫРАУ МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ


Қазақ әдебиеті тарихында суырып салма ақындық-жыраулық, жыршылық - қиссашылық, термешілік-әншілік өнерді бойына жиған шығармашыл тұлғаның бірі – Молдахмет Дабылұлы. Ол – ақындық пен әншілік, сондай-ақ  жыршылық өнерді қатар ұстанған жыр жампозы.


Жақында айтулы тұл­ғаның шығарма­шы­лығын ха­лық арасында насихаттау мақсатында К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Ақтөбе ауылдық мәдениет үйінде ақын-жырау Молдах­мет Дабылұлының 125 жыл­дығына арналған «Молдахмет – жырдың жорғасы» тақы­рыбында облыстық жыршы- жыраулар фестивалі өтті. Оны аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Молдахмет Дабыловтың жыршылық репертуарында ірі эпикалық туынды көп. Мысалы, ол «Көрұғлы», «Мұңлық-Зарлық», «Ақтам-Сайын», «Жүсіп-Зылиха», «Қысырауын», «Қыз Жібек», «Алпамыс» дастанын күні-түні жырлайтын болған. Оның шығармашылығының негізгі арнасы – ақындығы. Ақынның лирикалық өлеңдері, дастан­дары, айтыстары осыны ай­қын­­дайды.

Жыр фестивалінде респуб­ликаға танымал жырау Бидас Рүстембековпен бірге, Арнұр Көшеней, Берік Саймағамбетов, Амандық Бүрлібаев, Айдос Рахметов, Серік Жақсығұлов, Күнсұлу Түрікпен, Ақсұңқар Бүркітбай және басқа да  жыршылар өнер көрсетіп, жырдан шашу шашты. Шарада жыршыларға Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Орынбек Мұнарбаев, аудандық мә­дениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Еркінбек Бөрібайұлы аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
21 желтоқсан 2018 ж. 1 609 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 342
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930