» » » СЫРДЫҢ СЕРКЕ СЕРІГІ

СЫРДЫҢ СЕРКЕ СЕРІГІ

Кеше Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Сыр мәдениетінің, оның ішінде әдебиет пен жыраулық және айтыс өнерінің дамуына зор үлес қосып, құрметке бөленген айтыскер ақын, жырау, ұстаз,  Қорқыт ата мемлекеттік уинверситетінің доценті Серік Ыдырысовтың 60 жасқа толуына байланысты «Сырдың серке Серігі» атты жыр кеші өтті.
Есімі елімізге танымал жырау Серік Жақсұғұловтың жүргізуімен өткен жыр кешінде өзінің өнегелі өмір жолымен, жыршылық, ақындық, ұстаздық өнерімен ел құрметіне бөленген  атпал азамат Серік Ыдырысовқа ақжарма тілектерімен  аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Қаршыға Есдәулетов, өнердегі ұстаздары жырау  Бидас Рүстембеков пен Талайлы Досымова құттықтау жылы лебіздерін білдіріп,  құттықтау хат тапсырып, шапан жапса, күйші Берік Аққалиев пен ақын Мақсат Дауылбай арнау өлең оқыды. Сондай-ақ, жыр өнерінің жампоздары Күнсұлу Түрікпен, Айкерім Ешбаева, Әділхан Қуаңбаевтар  Сырдың серісі атанған Серік ақынның жырларын нақышына келтіре орындаса, есімдері елімізге кеңінен танымал жыр жұлдыздары Айдос Рахметов пен Марат Сүгірбай  айтысып, жезде мен балдыз арасындағы әзіл мен сыйластықтың қандай болу керектігін паш етті.
Кеш соңында мерейгер Серік Ыдырысов сөз сөйлеп, өнер жолындағы естеліктерін айтты. Сондай-ақ, туған ел мен жерге деген перзенттік сағынышпен жазылған арнау өлеңдерін оқыды.
                                                                                                     Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
20 маусым 2018 ж. 2 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728