» » МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ

МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ

Жуырда аудан әкімі Сұлтан Мақашов  8 наурыз –Аналар мерекесі аясында өздерінің өнегелі өмір жолымен  ел құрметіне бөленген  бір топ еңбек ардагері мен  бүгінде түрлі салада еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген қыз-келіншектерге арнап  мерекелік  қабылдау өткізді.
Қабылдауда аудан әкімі ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Әйел-аналардың қоғамдағы рөлі жайлы айта келе,  тәуелсіз ел экономикасының дамуына, оның ішінде Қармақшы халқының әлеуетін нығайтуға қосқан сүбелі үлестері үшін алғысын айтты.
Шара барысында Сұлтан Ысқақұлы ардагер кәсіпкерлер Шынар Махмутова мен Аманкүл Әбдірахманова, ауылшаруашылығы саласының майталманы, ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері Бибігүл Әбішева,  медицина саласының ардагері Үмітжан Сариева,  ұлағатты ұстаз Аманкүл  Еркебаева мен мемлекеттік қызмет ардагері Мария Ұзақовамен бірге көпбалалы ана Гүлвира Ермекбаева, көптеген халықаралық  жыр байқауының жүлдегері Айгерім Ешбаева, ішкі істер қызметкері Алтын Қоңырбаева мен  самбодан халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері Гүлайым Нұрмахановаға  құттықтау хат тапсырып, сый-құрмет көрсетті.
Содан соң сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов пен еңбек ардагері Шынар Махмутова әйелдер қауымына өз құттықтаулары арқылы мерекелік ыстық ықыластарын жеткізді.
Мерекелік  қабылдау одан әрі  аудан көркем өнерпаздары, сазгер  Жарқынбек Тұрымбетов пен  әнші Руслан Байғараевтың аналарға арнаған ән шашуына ұласты. 
Нурбай ЖАНӘДІЛОВ.
10 наурыз 2018 ж. 1 715 1

JeaCold от 1 наурыз 2019 06:38
How to buy isotretinoin tablets without perscription online viagra Cialis 10 Mg 4 Comprimidos Propecia 5 Months

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930