» » АРУ – КӨКТЕМ, АНА – ЖЫР, ӘЙЕЛ– ҒҰМЫР

АРУ – КӨКТЕМ, АНА – ЖЫР, ӘЙЕЛ– ҒҰМЫР


Жақында осындай тақырыппен Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде  8 наурыз – Халықаралық  әйелдер күніне байланысты мерекеліксалтанатты жиын өтті.
Аудан көркемөнерпаздарының «Анаға арнау» атты  ұйымдастырылған мерекелік қойылыммен басталған салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары ӘділҚошалақов аналар мен қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, ауданэкономикасын нығайтуда және өңір тұрғындарының әлеуетін арттыруда аналар қауымының қосқан сүбелі үлестері жайлы айтып,  олардың өнегелі өмір жолдары жайлы әңгімеледі.  Сонымен бірге,  бар саналы өмірін туған елінің өркендеуіне арнап, ел құрметтісі атанған бір топ абзал жандарға аудан әкімінің алғыстарын тапсырып, гүл шоқтарын ұсынды.
Мерекелік салтанат барысында оған қатысушылар   ЛЭТ экран арқылы  бүгінде Астана қаласында тұрып жатқан есімі елімізге белгілі жырау,  Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Алмас Алматов пен Ресейдің Қазан қаласында жоғары білім алып жүрген бір топ жастарымыздың аналарға арнап жолдаған мерекелік құттықтауын тамашалады.
Сондай-ақ, салтанатты жиында  Елбасының «Болашаққа бағдар: руханижаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жерге тағзым»  кіші бағдарламасы аясында концерттік бағдарламамен туған елге келген қазақ эстрадасының жұлдызы,жерлесіміз  Ерболат Ержанбаев және Оңтүстік Қазақстан облысынан өнерпаздары «Мақсат пен Мақсат» тобымен бірге қармақшылық әншілер  әннен шашу шашып, мерекенің ажарын ашты.
Салтанатты жиында барлық аналар мен қыз-келіншектерге аудан әкімінің ықылас гүлі табысталды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
 
10 наурыз 2018 ж. 2 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 551

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930